1. Тақырыбы:Белоктар алмасуы. Белоктардың қорытылуы, амин қышқылдарының сіңірілуі. Асқазан сөлі: қалыпты жағдайдағы құрамы және физикалық-химиялық қасиеттері, патологиялық жағдайда ауытқуы. Ішекте белоктардың шіруі, ағзада белоктардың улы шіру өнімдерін залалсыздандыру.
Асқазан сөлінің қышқылдылық түрлерін анықтауды және асқазан сөлінің патологиялық құрамдас бөліктеріне сапалық реакцияларды демонстрациялау және алынған нәтижелерді талдау.
2. Мақсаты: 1.Студенттерде белоктардың қорытылуы, амин қышқылдарының ащы ішекте сіңірілуі туралы білім қалыптастыру;
2. Тоқ ішекте белоктардың шіруі, белоктардың улы шіру өнімдерін залалсыздандыру туралы білім қалыптастыру.
3. Студенттерде қалыпты және патологиялық жағдайлардағы асқазан сөлінің физико- химиялық қасиеттері мен құрамы, асқазан сөлін талдау әдісі туралы білім қалыптастыру.
4. Интернет және кәсіптік әдебиетпен жұмыс істеу кезіндегі студенттердің аналитикалық қабілеттерін қалыптастыру.
5. Жаңа түсініктер мен терминдерді еңгізу.