Білім берудің және оқытудың әдістері:
Әдіс – аралас әдісі:
Құрамалау әдіске ауызша талдау, жазбаша бақылау кіреді (билеттер берілген), сонымен қатар шағын топтарда жұмыс жасау, жаттығуларды, жағдайлық есептерді орындауын тексеру кіреді.
Оқыту құралдары: Плешкова С.М. және басқалары Биохимияны студенттердің өздігінен оқып-білуіне арналған оқу құралы. 2 Бөлім. Заттар алмасуы және оның реттелуі. - Алматы, 2009 ж. – 110-132 бет; тест сұрақтары; жазбаша бақылаудың билеттері; тақырып бойынша дәріс.
Сабақты ұйымдастыру – студенттерді тексеріп, сабаққа келмеген студенттердің себебін білу, конспектер тексеріледі. Үйге берілген жаттығулар мен жағдайлық есептер тексеріледі, шешілмеген сұрақтар айқындалады. Үйге тапсырма беріледі: «Күрделі белоктар алмасуы». Студенттерге ескерту керек: келесі сабақ үш тілдік талдау компонетімен жүргізіледі!!!
Үй тапсырмасын өз бетінше дайындалуға арналған сұрақтар:
Гемоглобин - құрылысы мен маңызы.
Достарыңызбен бөлісу: |