Биологиялық химия Кафедрасы



бет208/391
Дата07.02.2022
өлшемі0,81 Mb.
#91090
1   ...   204   205   206   207   208   209   210   211   ...   391
Байланысты:
biohimiya-sil zhm 2012kaz

Жағдайлық есептер:

  1. Науқас белок мөлшері аз диетада. Қан сарысуын зерттеген кезде онда мочевина мөлшері 11,83 мМоль/л-ге тең болды. Науқаста қандай ауру деп болжам жасауға болады?

  2. Қан сарысуында мочевина азоты 0,75 г/л-ге тең, ол барлық қалдық азоттың 80% құрайды. Сіздің жорамал диагнозыңыз?

  3. Зерттелетін қан сарысуында креатин мөлшері 1,2 мМоль/л-ге тең. Қандай ағзаның жұмысы бұзылғаны туралы ойлауға болады?

Тест
1. Креатинин түзіледі:
а) бауырда
б) бүйректе
в) қаңқа бұлшық етінде
г) эндокринді бездерде
д) өкпеде
2. Креатинин:
а) креатин синтезі үшін пайдаланылады
б) креатинфосфат синтезі үшін пайдаланылады
в) соңғы өнім және зәрмен бірге бөлінеді
г) белоктар алмасуының аралық өнімі
д) бауырдың қызметін анықтауға қажет
3. Трансаминдену:
а) амин тобының молекулаішілік тасымалдануы
б) тио топтарының молекулаішілік тасымалдануы
в) метил топтарының молекула ішілік тасымалдануы
г) этил топтарының молекула ішілік тасымалдануы
д) фосфор қышқылы қалдықтарының молекула ішілік тасымалдануы
4. Анаболикалық реакцияларға жұмсалмаған амин қышқылдары ыдырайды:
а) карбоксилдену, амидтену
б) дегидратация, дезаминдену
в) гидролиз, карбоксилдену
г) дезаминдену, декарбоксилдену
д) метилдену, амидтену
5. Амин қышқылдарының декарбоксилденуінде түзіледі:
а) -кетоқышқыл
б) қаныққан май қышқылдары
в) оксиқышқылдар
г) амидтер
д) биогенді аминдер
6. Серотонин келесі амин қышқылынан түзіледі:
а) гистидиннен
б) глутамин қышқылынан
в) тирозиннен
г) триптофаннан
д) аспарагин қышқылынан
7. Серотониннің физиологиялық әсері:
а) қан тамырларын кеңейтіп, өткізгіштігін арттырады
б) қан тамырларын тарылтып, ішектің перистальтикасын жоғарылатады
в) тұз қышқылының секрециясын жоғарылатады
г) жүйке жүйесінің импустар өткізгіштігін тежейді
д) мидағы қан айналым үрдісін жақсартады
8. -Аминомай қышқылы келесі амин қышқылынан түзіледі:
а) гистидиннен
б) глутамин қышқылынан
в) тирозиннен
г) триптофаннан
д) аспарагин қышқылынан
9. ГАМҚ физиологиялық әсері:
а) қан тамырларын кеңейтеді
б) қан тамырларын тарылтады
в) тұз қышқылының секрециясын жоғарлатады
г) қозу үрдісін тежейді
д) мидағы қан айналып үрдісін жақсартады
10. Гистаминнің физиологиялық әсері:
а) қан тамырларын кеңейтіп, қан тамырларының қабырғасының өткізгіштігін жоғарылатады.
б) қан тамырларын тарылтады
в) тұз қышқылының секрециясын жоғарлатады
г) қозу үрдісін тежейді
д) мидағы қан айналым үрдісін жақсартады

7 . (22) Сабақ




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   204   205   206   207   208   209   210   211   ...   391




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет