Биологиялық химия Кафедрасы


Шағын топта жұмыс жасау үшін арналған жағдайлық есептер



бет238/391
Дата07.02.2022
өлшемі0,81 Mb.
#91090
1   ...   234   235   236   237   238   239   240   241   ...   391
Байланысты:
biohimiya-sil zhm 2012kaz

Шағын топта жұмыс жасау үшін арналған жағдайлық есептер:

        1. Зерттелетін қан сарысуында қалдық азоттың мөлшері: 100 мМоль/л. Бұл жағдай қалай аталады? Қай кезде байқалады?

        2. Зерттелетін қан сарысуына күкіртқышқылды аммонийдің қаныққан ерітіндісі қосылған. Тұнба пайда болды. Қандай белок тұнбаға түсті?

        3. Науқастың қанында операцияның алдында қалдық азоттың мөлшері 50 мМоль/л болды, осы науқасқа операция жасауға бола ма? Неліктен?

        4. Қан сарысуын фракциялау кезінде төмендегі жайттар анықталды: қан сарысуындағы жалпы белоктың көрсеткіші қалыпты мөлшерде болғанымен, жеке белоктардың пайыздық құрамы (%): альбуминдер - 40, альфа-глобулиндер – 10, бета-глобулиндер – 10, гамма-глобулиндер -38. Бұл кімнің (науқастың немесе дені сау адамның) қан сарысуы? Не себепті бұлай ойлайсыз?

        5. Жер сілкінісінен кейін науқас ауыр заттың астында ұзақ уақыт қалып қойған, бұлшық етінің жаншылуы байқалады. Бұлшық ет зақымдануы кезінде қанда қандай ферменттердің мөлшері артады?

        6. Науқастың жүрек бұлшық етінің жедел зақымдануы (некроз - өліеттену немесе инфаркт) дамыған. Миокард инфаркты кезінде қанның құрамында қандай ферменттер мен белоктар артады?

        7. Ұзақ уақыт бойы дене еңбегімен айналысқан студенттің бұлшық етінде, әсіресе, балтырында ауырсыну байқалды. Ұзақ уақыт және ауыр дене еңбегімен айналысқанда неліктен бұлшық ет ауырады? Біраз уақыттан соң осы ауырсыну сезімі неліктен басылады?

        8. Қан сарысуында С-реактивті белоктың пайда болуы нені білдіреді?




  1. Жазбаша бақылау билеттер бойынша жүргізіледі (билеттер берілген).

  2. Қорытынды жасау – оқытушы студенттермен бірге тақырып бойынша қорытынды жасайды, бағалар қойылады.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   234   235   236   237   238   239   240   241   ...   391




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет