Биологиялық химия Кафедрасы



бет316/391
Дата07.02.2022
өлшемі0,81 Mb.
#91090
1   ...   312   313   314   315   316   317   318   319   ...   391
Байланысты:
biohimiya-sil zhm 2012kaz

7. Бақылау
Жаттығулар:

  1. Глицерин мен үш стеарин қышқылының қалдығынан тұратын ТАГ формуласын жазыңыз.Қосылыстың атын атаңыз.Гидролиз реакциясын жазыңыз. Гидролизді қандай фермент катализдейді?

  2. Фосфатид қышқылы, химиялық табиғаты, оның пайдаланылу жолдары

  3. Мицелла, құрамы, маңызы

  4. Таурохоль, гликодезоксихоль жұп өт қышқылдарын жазыңыз.

  5. Өт қышқылдарының түзілуі және түзілетін орны

  6. Хиломикрондар мен липопротеидтердің құрамындағы ұқсастығы мен айырмашылығы

  7. Қандай ЛП атерогенді болады?

Жағдайлық есептер.
1. Ішек қабырғасында: моноацилглицерид, бос май қышқылдары, глицерин, өт қышқылдары бар. Осы қосылыстар қандай өзгерістерге ұшырайды?
2. Өкпеде хиломикрондардың құрамына кіретін триацилглицериндердің соңғы өнімге дейін тотығуы байқалған. Қандай қосылыстар түзілді? Бөлінген энергия қалай пайдаланылады?
3. Ағзада қандай май қышқылдары синтезделмейді және міндетті түрде тағаммен түсуі керек?
4. Мембрананың сұйық күйін қандай липидтер қамтамасыз етеді?
5. Арахидон қышқылынан қандай биологиялық белсенді заттар түзіледі?
6. Қандай биологиялық активті қосылыстың формуласы берілген?


  1. Мына формула қандай қосылысқа тән?


8. Он екі елі ішек қуысында өт қышқылдары жоқ. Бұл қандай жағдайға әкелуі мүмкін?
9. Қандай липопротеидтер "антиатерогенді" деп аталады және холестеринді тіндерден бауырға тасымалдайды?

  1. Қандай липопротеидтер " атерогенді" деп аталады және холестеринің тіндерге өтуін қамтамасыз етеді?

  2. β- мен- α-липопротеидтер қатынасы 3 тен үлкен.Бұл жағдай неге әкелуі мүмкін?



Тесттер:

    1. Адам ағзасындағы липидтер тұрады:

  1. спирттер мен жоғарғы дәрежелі май қышқылдарынан

  2. глицерин және бейорганикалық қышқылдарынан

  3. жәй эфирлерден

  4. циклды спирттер мен қысқа тізбекті май қышқылдарынан

  5. глицерин және қысқа тізбекті май қышқылдарынан

    1. Липидтердің ағзадағы атқаратын қызметі:

  1. катализдік

  2. құрылымдық

  3. Эндогенді судың көзі

  4. Қорғаныстық

  5. жасушадағы энергия қоры

4 дұрыс жауапты табыңыз

    1. 100 грамм май тотыққан кезде түзілетін эндогенді су мөлшері:

  1. 107 г

  2. 20г

  3. 10г



  4. 50г

    1. Фосфолипидтерге жатады:

  1. фосфатидилинозитолдар

  2. кефалиндер

  3. лецитиндер

  4. фосфатидилсериндер

  5. моноацилглицериндер

4 дұрыс жауапты табыңыз

    1. Фофолипидтер күрделі эфирлер:

  1. спирт, 2 молекула БМҚ, Н3РО4 және азоты бар зат

  2. спирт, 3 молекула БМҚ, Н3РО4 және азоты бар зат

  3. глицерин, 3 молекула БМҚ, Н3РО4 және азоты бар зат

  4. сфингозин, 3 молекула БМҚ, Н3РО4 және азоты бар зат

  5. спирт, 3 молекула БМҚ, Н3РО4 және азоты жоқ зат

    1. ФЛ-тің липотропты әсері – ол:

  1. бауырды майланудан қорғайды

  2. миокардті май басудан қорғайды

  3. липолизді күшейтеді

  4. липидтердің гидролизін күшейтеді

  5. ағзадан липидтердің шығуын тездетеді

    1. Холестериннен түзіледі:

  1. Д3 витамині

  2. стероидты гормондар

  3. Д2 витамині

  4. өт қышқылдары

  5. тиреоидты гормондар 3 дұрыс жауапты табыңыз

    1. Мембрана липидтерінің құрамындағы холестерин келесі рөл атқарады:

    1. Нерв импульстерінің бір бағытта берілуін қамтамасыз ететін диэлектрик

    2. Мембрана липидтерінің агрегаттық күйін реттейтін амортизатор

    3. Мембрананың КҚМҚ-ын пероксидтік тотығудан қорғайды

    4. бос-радикальды тотығудың пайда болуын қамтамасыз етеді

    5. нерв импульстерінің жан-жаққа таралуын қамтамасыз етеді

  1. дұрыс жауапты табыңыз

    1. Адам ағзасындағы липидтердің құрамына кіретін БМҚ-дар:

  1. Жоғары молекулалы

  2. Төмен молекулалы

  3. Қаныққан

  4. Бір қос байланысы бар

  5. КҚМҚ

4 дұрыс жауапты табыңыз
10. Көп қанықпаған май қышқылдары аталады:

  1. Д тобының витаминдері

  2. Ғ тобының витаминдері

  3. Эссенциалды

  4. Алмастырылмайтын

  5. құнды

  1. дұрыс жауапты табыңыз

2 Сабақ+ОСӨЖ


1. Тақырыбы: Липидтер алмасуы. Аралық алмасу. Организмдегі глицерин мен БМҚ өзгерістері: анаболикалық (ТАГ, ФЛ синтезі, глицериннің глюконеогенезге қатысуы) және катаболикалық үрдістерге (БМҚ және глицериннің тотығуы, КҚМҚ пероксидті тотығуы) қатысуы.
2. Мақсаты:
1. Студенттерде глицерин мен бос май қышқылдарының (БМҚ) ролі және организмдегі өзгерстері туралы білім қалыптастыру.
2. Студенттерде ТАГ пен ФЛ синтезіндегі бәсекелестік, фосфолипидтердің липотропты әсері туралы түсінік қалыптастыру.
3. Студенттерде глицериннің глюконеогенезге жұмсалуы және осының негізінде заттар алмасуының өзара байланысы туралы білім қалыптастыру.
4. Студенттердің арнайы әдебиеттермен және интернетпен жұмыс жасаған кезде дағдылар мен аналитикалық қабілеттерін қалыптастыру.
5. тақырып бойынша шет ел тілінде (ағылшын, орыс, қазақ тілі) сөйлеуді арттыру.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   312   313   314   315   316   317   318   319   ...   391




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет