Биологиялық химия Кафедрасы



бет345/391
Дата07.02.2022
өлшемі0,81 Mb.
#91090
1   ...   341   342   343   344   345   346   347   348   ...   391
Байланысты:
biohimiya-sil zhm 2012kaz

Жағдайлық есептер.
1. Науқастың қанында жалпы билирубиннің мөлшері 70 мкМоль/л тең болды, сілтілі фосфатазаның активтілігі 7,5 мкм/л.с. , аспартатаминотрансферазаның (АСТ)- 5 ммоль ПЖҚ/л.с, γ-глутамилтрансферазаның (ГГТ)- 500нмоль/л.с. болды. Зәр қою қоңыр, нәжіс түссізденген. Қандай ауру болуы мүмкін?
2. Неге тағам белоктарын липидтер және көмірсулармен ауыстыруға болмайды?
3. Бауыр ауыруында науқасқа неліктен майлы тағам ұсынылмайды?
4. Бауырда өт қышқылдарының синтезі бұзылғанда өт тас ауруының түзілуін түсіндіріңіз.
5.Бауыр науқасында 25(ОН)2Д33 дәруменінің активті - алмасу формасы) түзілуі бұзылады. Неге? Бұл неге әкеп соқтырады?
6. Сары ауруына күдік тудырғанда дәрігер қандай анализ тапсыру керектігін белгілейді?
7.Бауырдың паренхимасы зақымданғанда көмірсулар мен белоктардың алмасуы қалай өзгереді?
8. Бауырдың функциясының бұзылуынан аммиактың қанда жоғарылауы, несеп қышқылының, мочевинаның қанда, зәрде төмендеуінің механизмдерін түсіндіріңіздер.
9.Науқаста ауыр вирусты гепатит кезінде бауырлық кома байқалуы мүмкін.Бұл жағдай ми жасушаларына аммиактың улы әсерінен туады.қанда аммиактың көп жиналуы ның себебі неде?Осындай науқастың қанында мочевина концентрациясы қалай өзгереді?
10. Асқазан сөлінің 5 мл-н титрлегенде бос НСІ-ы нейтралдауға 0,1 N NaOH 3 мл жұмсалынды, В көлемі 4 мл болды, барлық қышқыл заттардың нейтралдануына 5 мл жұмсалынды. Жалпы қышқылдықты, бос және байланысқан тұз қышқылын есептеңіз. Алынған нәтижелерді бағалаңыз.
11.Науқас белок мөлшері аз диетада. Қан сарысуын зерттеген кезде онда мочевина мөлшері 11,83 мМоль/л-ге тең болды. Қандай ауру деп болжам жасауға болады?
12.Асқазан сөлінің жалпы қышқылдығы 85 мМ/л , бос тұз қышқылы 60 мМ/л тең. Бұл жағдай қалай аталады? Асқазан сөлінде қандай патологиялық құрам бөліктері анықталуы мүмкін?
13.Қан сарысуындағы жалпы билирубиннің мөлшері 35 мкМ/л тең болды, зәрдің түсі қою қоңыр, нәжіс ақ саз түсті. Бұл жағдай қалай аталады? Ол қашан байқалады?
14.Стимуляциядан кейін бөлінген асқазан сөлінде тұз қышқылы жоқ, жалпы қышқылдығы 6 мМ/л тең. Бұл жағдай қалай аталады?
15.Асқазан сөлінің жалпы қышқылдығы 30 мМ/л , бос тұз қышқылы 5 мМ/л тең. Бұл жағдай қалай аталады?
16. Науқаста жалпы билирубин 45 мкмоль/л, тікелей билирубин 30 мкмоль-л зәр қошқыл түсті, нәжіс түсі өзгермеген. Қандай ауру деп болжауға болады?
17.Қан сарысуындағы жалпы билирубиннің мөлшері 39 мкМ/л тең болды, зәрдің түсі қою қоңыр, нәжіс өзгермеген. Бұл жағдай қалай аталады? Ол қашан байқалады?
18.Асқазан сөлінің жалпы қышқылдығы 95 мМ/л , бос тұз қышқылы 60 мМ/л тең. Бұл жағдай қалай аталады? Асқазан сөлінде қандай патологиялық құрам бөліктері анықталуы мүмкін?
19.Қан сарысуындағы жалпы билирубиннің мөлшері 50 мкМ/л тең болды, зәрдің түсі қою қоңыр, нәжіс ақ саз түсті. Бұл жағдай қалай аталады? Ол қашан байқалады?
20.Бауыр ауруларының ферментативті диагностикасы.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   341   342   343   344   345   346   347   348   ...   391




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет