12. Инсулин тәрізді әсер көрсетеді:
1. соматомединдер
2. эстрогендер
3. тестостерон
4. кортикостерон
5. адреналин
13. Қантты диабет гипергликемиямен сипатталатын, келесі гормонның синтезі жеткіліксіз болуынан дамиды:
1. глюкагон
2. тиротропин
3.инсулин
4. окситоцин
5. тироксин
№ 11 ОСӨЖ.
Тақырыбы: Заттар алмасуының гормондар арқылы реттелуі.
Мақсаты: Студенттердің «Заттар алмасуының реттелуі. Гормондар» тақырыбы бойынша алған білімдерінің меңгерілу тереңдігін айқындау.
3.Оқыту міндеттері:
Студенттердің гормондар туралы алған білімдерін демонстрациялық экспериментті безендіру және кесте толтыру үшін қолдануға үйрету.
4. Өткізу формасы:
демонстрациялық эксперимент.
кесте толтыру.
5. Тақырып бойынша тапсырмалар:
1.Демонстрациялық эксперимент – оқытушы студенттерді эксперименттің принципімен таныстырады (Практикум бойынша № 102 зертханалық жұмысты қараңыз). Студенттер шағын топтарда жұмыс жасайды. Бір тобы қандағы глюкоза деңгейіне адреналиннің әсер етуі бойынша мәліметтерді, екіншісі – инсулиннің әсері бойныша мәліметтерді ұсынады. Кестені толтырып, график сызады. Әр топшадағы студенттер мәліметтерімен алмасады. Қорытынды жасайды.
Оқытушыларға арналған:
Гормондарды енгізгеннен кейінгі қан алған уақыт
|
Қандағы глюкоза мөлшері, мМоль/л
|
Инсулин енгізгенге дейін
30 мин. өткен соң
60 мин. өткен соң
90 мин. өткен соң
|
5,5 мМоль/л
2,2 мМоль/л
4,4 мМоль/л
5,5 мМоль/л
|
Адреналин енгізгенге дейін
30 мин. өткен соң
60 мин. өткен соң
90 мин. өткен соң
|
5,5 мМоль/л
11 мМоль/л
7,7 мМоль/л
5,5 мМоль/л
|
Достарыңызбен бөлісу: |