Гликопротеиндер (ГП) (glycos – тәтті) – простетикалық тобы ретінде көмірсулар және оның туындылары (D-галактоза, D-манноза, D-глюкоза, L-фукоза, N-ацетилглюкозамин, N-ацетилгалактоза, сиал қышқылы, арабиноза, нейрамин қышқылы, ксилоза)болатын күрделі белоктар.
Нағыз ГП 80-90% белоктан, 10-20% простетикалық топтан тұрады. Простетикалық топ жүйесіз полисахаридтер: гексозаминдер, фукоза, арабиноза, ксилоза, галактоза және манноза, нейрамин и сиал қышқылдарынан тұрады. Өкілдері: иммуноглобулиндер, муциндер, сиалопротеидтер, кейбір гормондар (ФСГ, ТТГ), гормондардың рецепторы, кейбір ферменттер (холинэстераза), қан тобын анықтайтын белоктар, протромбин, тасымалдаушы белоктар (транскортин, гаптоглобин, церулоплазмин) және т.б.
Протеогликандар. 2-10% белоктан және 90-98% простетикалық топтан тұрады.Олардың простетикалық тобы жүйелі көмірсулар (ретімен қайталанатын), гликозамингликандар (ГАГ) деп аталады. ГАГ ретімен қайталанатын дисахаридтер, құрамында урон қышқылдары мен ацетилгексозаминдер болады.
ГАГ ағзада маңызды биологиялық роль атқарады: 1) ағзалар мен тіндерге катиондардың тасымалдануы, байланысуы және таралуына , оссификацияға; 2) су мен онда еритін заттар үшін мембрана өткізгіштігін қамтамасыз етіп, тіндерге судың таралуына; 3) диффузия үрдістерінің реттелуіне қатысады.
Достарыңызбен бөлісу: |