3. Оқыту міндеттері: 1. Студенттерді майда еритін витаминдердің биологиялық ролі мен авитаминоздарының клиникалық белгілері арасындағы байланысты көрсете білуге үйрету.
2. Студенттерді витаминдер-антиоксиданттардың әсер ету механизмдерімен таныстыру.
3. Витамин тәрізді заттарды және олардың жануар организміндегі ролін қарастыру.
4. Студенттерді витаминдердің құрылысы мен ролі туралы алған білімдерін пәннің келесі тақырыптарын түсіну үшін қолдануға үйрету.
5. Студенттердің тақырыпты меңгеру тереңдігін тексеру, витаминдердің тәуліктік қажеттілігі туралы алған білімдерін бекіту.
6.Студенттерді осы тақырып бойынша алған білімдерін жағдайлық есептерді шешу үшін қолдануға үйрету. 7. Студенттерді жаңа терминдер мен түсініктерді: ксерофтальмия, антиоксиданттар, витаминнің активті алмасу формалары, мешел (рахит), кератомаляция, кератиндену, геморрагия, көру пурпуры, каротиндер қолдануға үйрету.
4. Тақырыптың негізгі сұрақтары:
1. Заттар алмасуының әртүрлі процестеріндегі майда еритін витаминдердің ролі. 2. Е және К витаминдерінің тәуліктік қажеттілігі, табиғатта таралуы, авитаминоздары. 3. Е және С витаминдері – антиоксиданттар ретінде.