1 сатысы – негізгі қоректік заттардың арнайы жолдармен ыдырауы. Бұл сатысы ас қорыту жолдарында оттек қатысуынсыз жүреді және субстраттардың барлық энергиясының шамамен1% бөлінеді. Белоктар, көмірсулар және липидтердің әрқайсысы өз жолдарымен ыдырайды, мысалы, көмірсулар ас қорыту жолдарында моносахаридтерге дейін ыдырайды, қанға негізінен глюкоза шығады. Глюкоза пирожүзім қышқылына (ПЖҚ) дейін тотығады, ПЖҚ тотығудан декарбоксилденіп АСҚ түзеді. Липидтер (ТАГ) асқорыту жолдарында глицерина мен бос май қышқылына (БМҚ) дейін ыдырайды , глицерин ПЖҚ-ға дейін тотығып, БМҚ бета-тотығып, АСҚ түзеді. Белоктар ас қорыту жолдарында АҚ-на дейін ыдырайды , АҚ тіндерде дезаминденіп ПЖҚ немесе АСҚ түзеді. 2 сатысы –Үшкарбон қышқылының циклі, немесе лимон қышқылының циклі, немесе Кребс циклі (1953 ж Нобель сыйлығын алды).