Биологиялық химия Кафедрасы


Тақырыптың негізгі сұрақтары



бет101/226
Дата29.01.2023
өлшемі0,76 Mb.
#166720
1   ...   97   98   99   100   101   102   103   104   ...   226
Байланысты:
СИЛЛАБУС-Мамандығы-051301-–-«Жалпы-медицина»

4. Тақырыптың негізгі сұрақтары:
1. Тағам липидтері, олардың жіктелуі мен маңызы.
2. Липидтердің қорытылуына қатысатын ас қорыту сөлдерінің ферменттері.
3.Ішек қуысында өтетін үрдістер.
4. Мицелла, құрамы, түзілуі және маңызы.
5. Липидтер алмасуындағы ішек қабырғасының, бауырдың, май тінінің ролі.
6. Хиломикрондар, түзілуі, құрамы, ағзадағы өзгерістері.
5. Оқыту мен сабақ берудің әдістері:
1) жазбаша бақылау
2) Келесі сұрақтар бойынша дискуссия:
- өт қышқылдарының құрылысы және олардың липидтердің қорытылуы мен сіңірілуіндегі рөлі;
- липопротеидтер, түрлері, құрамы, ағзада өзгерістерге ұшырауы.(аз топпен жумыс)
3) Видеоәдіс : «Қантамыр ішілік липолиз, маңызы» бойынша
6. Әдебиеттер:
Қазақ тілінде:
Негізгі:
1. Березов Т.Т., Коровкин Б.Ф. «Биологическая химия» - М., 2004 – С.363-370
2. Николаев А.Я. «Биологическая химия» - М., 2007 – С. 287-330
3. Северин Е.С. «Биологическая химия» - М., 2008 – С.364-372, 372-379, 379-383
Қосымша:
1. ТапбергеновС.О., ТапбергеновТ.С., «Медицинская и клиническая биохимия» Павлодар, 2004
2. Мари Р., Гриннер Д., Мейес П., Родуэлл В. «Биохимия человека», 2003
3. Кольман Я., Рем., К-Г., «Наглядная биохимия»., М..: Мир,2004
4. Биохимия . Тесты и задачи: учебное пособие для студентов медвузов, под ред. член-корр., РАН, проф .Е.С. Северина.- М.,2005
5. Биохимия в вопросах и ответах под ред. член-корр., НАН РК, д.х.н. проф .С.М. Адекенов- Астана ,2003
6. Плешкова С.М., Жакыпбекова С.С, и соавт. Учебное пособие для самостоятельной подготовки студентов по биохимии, часть 2, Алматы, 2009


7. Бақылау
Бұл сабақ бойынша компетенцияларды бағалау әдістеріне кіреді:
Білім компетенциясын бағалау: ауызша сұрақтарға жауап беру, дискуссия, жазбаша бақылау жұмысы, үйге берілген жаттығулар мен ситуациялық есептерді тексеру бойынша іске асады.
Жаттығулар:

  1. Глицерин мен үш стеарин қышқылының қалдығынан тұратын ТАГ формуласын жазыңыз.Қосылыстың атын атаңыз.Гидролиз реакциясын жазыңыз. Гидролизді қандай фермент катализдейді?

  2. Фосфатид қышқылы, химиялық табиғаты, оның пайдаланылу жолдары

  3. Мицелла, құрамы, маңызы

  4. Таурохоль, гликодезоксихоль жұп өт қышқылдарын жазыңыз.

  5. Өт қышқылдарының түзілуі және түзілетін орны

  6. Хиломикрондар мен липопротеидтердің құрамындағы ұқсастығы мен айырмашылығы

  7. Қандай ЛП атерогенді болады?

2 Сабақ


1. Тақырыбы: Липидтер алмасуы. Аралық алмасу. Организмдегі глицерин мен БМҚ өзгерістері: анаболикалық (ТАГ, ФЛ синтезі, глицериннің глюконеогенезге қатысуы) және катаболикалық үрдістерге (БМҚ және глицериннің тотығуы, КҚМҚ пероксидті тотығуы) қатысуы.
2. Мақсаты:
1. Студенттерде глицерин мен бос май қышқылдарының (БМҚ) ролі және организмдегі өзгерстері туралы білім қалыптастыру.
2. Студенттерде ТАГ пен ФЛ синтезіндегі бәсекелестік, фосфолипидтердің липотропты әсері туралы түсінік қалыптастыру.
3. Студенттерде глицериннің глюконеогенезге жұмсалуы және осының негізінде заттар алмасуының өзара байланысы туралы білім қалыптастыру.
4. Студенттердің арнайы әдебиеттермен және интернетпен жұмыс жасаған кезде дағдылар мен аналитикалық қабілеттерін қалыптастыру.
5. Жаңадан терминдер мен түсініктер енгізу.
6. тақырып бойынша шет ел тілінде (ағылшын, орыс, қазақ тілі) сөйлеуді арттыру.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   97   98   99   100   101   102   103   104   ...   226




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет