- Белсенді (активті) тасымалдау деп заттың электрохимиялық потенциалы аз орнынан оның көп орнына қарай тасмалдануын айтады. Мембранада белсенді зат тасмалдау өздігінен жүре алмайды. Ол аденозин- трифосфат (АТФ) қышқылының гидролиздену процесімен қатар жүреді, яғни бұл тасмал АТФ-те жинақталған энергияны шығындау есебінен болады.
Биологиялық мембранада иондық насос бар екені дәлелденді. Ол АТФ гидролизінің бос энергиясы есебінен жұмыс атқарады. - Биологиялық мембранада иондық насос бар екені дәлелденді. Ол АТФ гидролизінің бос энергиясы есебінен жұмыс атқарады.
- Қазіргі уақытта мембрана арқылы иондарды белсенді тасымалдайтын иондық электрогендік насостың үш түрі бар екені дәлелденді. Олар:
- I – К+-Na+-ATФ-аза (цитоплазматикалық мембранада)
- II – Са2+-ATФ-аза (саркоплазматикалық ретикулум мембранасында, Са2+- насос)
- III – Н+-АТФ-аза немесе протондық помпа (энергия тасмалдайтын митохондрий, хлоропласт және бактерия мембранасында).
Достарыңызбен бөлісу: |