• олардфың өсуінің ерекшелігі – гифалардан клеткалардың өсуінен мицелийдің пайда болуымен;
• қоршаған ортаның қолайсыз жағдайларына төзімді спораларды түзу қабілеті.
Шартты патогенді саңырауқұлақтар қоздырған жұқпалы ауруларды микоздар деп атайды. Микоздар ағзаның иммунореактивтілігінің төмендеу көрсеткіші болып табылады. Мысалы, аспергиллез, пенициллиоз, кандидоз және басқалары иммунитет тапшылығы кезінде индикаторлық патология ретінде қарастырылады. Микоздар, зақымданудың таралуына байланысты төрт топқа бөлінеді:
• ішкі мүшелерді зақымдайтын және түрлі макроорганизм ұлпаларын процеске қатыстыратын жүйелі немесе терең микоздар;
• тері асты клетчатка мен сүйек зақымдалатын терілік микоздар;
• эпидермис, шаш және тырнақ зақымдалатын эпидермомикоздар;
• тек шаш пен эпидермистің беткі мүйіз қабаты зақымдалатын беттік микоз
Инфекция
Микроорганизмдердің макроорганизмдерге енуі, олардың көбеюі және ауру қоздыру әсерлерін инфекция деп атайды.
Макроорганизмдерге патогенді микроорганизмдердің енуі мен көбеюі нәтижесінде оның ішкі ортасы мен қоршаған ортаның гомеостазы мен тепе-теңдігін қамтамасыз ететін физиологиялық функциясын бұзатын, физиологиялық және патологиялық процестердің жинақталу нәтижесін инфекциялық процесс деп атайды.
Инфекциялық процесс ағзалық деңгейде, ал ағзаның өзінде — орган - ұлпа, клеткалық және субклеткалық деңгейде өтеді.
Инфекциялық процестің динамикасы биореактордағы микроорганизмдердің көбею динамикасымен салыстырылуы мүмкін. Инфекциялық процестердің бірінші кезеңі қоздырғыштың сәйкес инфекция «қақпасына» түсуімен, зақымдалуымен анықталады. Инфекцияның "қақпасы" қоздырғыштың әр түрі үшін ерекше екенін атап өткен жөн. Мәселен, безгек ауруы малярияның қоздырғышы қан айналымына түскен кезде ғана жұқтыру мүмкін.
Инфекция
Макроорганизмде қоздырғыштың таралуына байланысты инфекция ошақтық (фурункул) немесе генерализацияланған (сепсис) болуы мүмкін. Ошақтық (Жергілікті) ретінде басталған инфекциялық процесс генерализациялануы мүмкін. Бұл ретте қоздырғыштың қан айналымына таралуы және көбеюі орын алады. Мұндай жағдай сепсис деп аталады.
Қоздырғыштың табиғатына қарай инфекция түрі анықталады:
• бактериялық,
• саңырауқұлақ,
• вирустық,
• протозой.
Инфекцияны тудыратын қоздырғыштар түрлерінің санына байланысты:
• Моноинфекция - бір қоздырғышпен
• Аралас инфекция - екі немесе бірнеше түрмен болады.
Егер қоздырғыш организмге сырттан түссе, онда бұл экзогенді инфекция, егер қоздырғыш ағзаға қатысып, патологиялық процесс тудырса, онда бұл эндогенді инфекция (мысалы, антибиотикотерапия нәтижесінде пайда болған кандидоз).