Биологиялық сипаттағы өндірістік факторлар Орындаған: Оразбек Аида



бет1/3
Дата27.09.2023
өлшемі0,96 Mb.
#182647
  1   2   3
Байланысты:
санитария3 Оразбек Аида

Биологиялық сипаттағы өндірістік факторлар

Орындаған: Оразбек Аида

ТФП21-011

Жоспар

«Биологиялық факторлардың» санитарлық гигиеналық сипаттамасы

  • Микробтық биотехнологияда «биологиялық факторлардың» қоршаған орта мен адамға әсері арнайы гигиеналық, эпидемиологиялық, токсикологиялық және экологиялық ерекшеліктері болуы мүмкін.
  • «Биологиялық фактор» - бұл биологиялық объектілердің адам мен қоршаған ортаға әсер етуі олардың табиғи және жасанды орталарда көбею қабілеттілігімен немесе биологиялық белсенді заттарды өндіруімен әсер етуімен және бұл объектілер немесе олардың тіршілік әрекеттерінің өнімдері адамдардың денсаулығына, өндірістік немесе қоршаған ортаға түсуі қолайсыздықтар туғызуымен байланысты болуы мүмкін.
  • Микробтық биотехнологиялық өндірістердегі «биологиялық факторларға»:
  • «Биологиялық фактордың» әр құрам бөліктері адам үшін арнайы әсер ету мүмкіншілігіме ерекшелінеді.

Биологиялық факторлардың жіктелуі

Бактериялардың патогенезі (инфекцияның даму механизмі), негізінен, олардың уытты

заттар мен гидролитикалық ферменттерді синтездеу қабілетімен анықталады. Бактериялар түзетін эндотоксиндер және экзотоксиндер ең үлкен рөл атқарады.

Эндотоксиндер - микробтық жасушамен тығыз байланысты және қоршаған ортаға тек оны жуғаннан кейін түсетін заттар. Токсикалық функцияға пептидогликан, липополисахарид және грам теріс бактериялардың жасушалық қабырғасының липопротеидтері, грам оң бактериялардың тейхой қышқылы және т. б. ие. Эндотоксиндер термотұрақты, жоғары температураға төзімді, салыстырмалы әлсіз антиген болып табылады. Олар аз спецификалық және макроорганизмге біркелкі әсер етеді, жоғары температураны, уыттануды, тамырлы бұзылуларды тудырады. Қарапайым мысал - ішек тобының бактериялары түзетін эндотоксиндер.

    • Salmonella бактериялары іш сүзегі мен сальмонеллездің қоздырғыштары болып табылады. Ауыз қуысы мен сальмонелланың өңеші арқылы аш ішекке түседі. Олар бөлетін ферменттердің әсерінен эпителий бұзылады, сальмонеллалар шырышты қабықта оқшауланады, содан кейін лимфаға, қанға түседі. Жасушалардың лизисі нәтижесінде ағзаның уыттануын тудыратын эндотоксин бөлінеді.
    • Shigella туысының бактериялары — дизентерия қоздырғыштары. Олардың патогендігі тоқ ішектің эпителиалды жасушаларында адгезиялануымен анықталады. Уыттылық жүйке және тамыр жүйесіне әсер ететін энтеротоксиннің пайда болуымен байланысты.
    • Cпора түзуші бактериялар Bacillus thuringencinsis жасушалардың ішінде түзілетін болатын белок кристалдары, энтомоцидті қасиеттерге ие және өсімдіктердің зиянкес –жәндіктерімен күресу үшін қолданылады.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет