Биологияны оқыту әдістемесі (пәннің атауы) ПӘннің ОҚУ-Әдістемелік кешені



бет103/131
Дата05.02.2022
өлшемі1,64 Mb.
#11341
1   ...   99   100   101   102   103   104   105   106   ...   131
Лабораториялық сабақ№8
Тақырып: Биологияны оқытудың негізгі түрі – сабақ
1. Сабақ барысы. Сабақтын уақытын тиімді пайдалануды үйрену.
2. Сезім мүшелері. Көздің құрылысы. Алыстан және жақыннан көргіштік тақырыбына сабақ жоспар конспектісін құрып, панарамалық сабақ өткізу.
Мақсаты: Биологияны оқытудың негізгі түрі – сабақ туралы түсінік бере отырып,маңызына
тоқтау,сабақтың құрлымын ашу.
Тапсырмалар: 1. Сабақ барысы. Сабақтын уақытын тиімді пайдалануды үйрену.
Биология сабағында мұғалімнің басқаруымен оқушылар, жүйелі мемлекеттік бағдарламалардың тобына сай теориялық білім практикалық дағды білікті алуы және жан- жақты жеке дамуы жүзеге асады. Сабақта жас ұрпақтың дүниетанымдық негізі қаралады. Негізгі оқу материалы сабақта оқылады. Онымен басқа биологияны оқыту түрлерімен ( топ серуен ) тәжірибе қою, тірі табиғи бұрышты бақылау, кеш өткізу сыныптан тыс оқу байланысты. Сабақта мұғалімнің басқаруымен оқушылар білімнің қарапайым сатысынан күрделіге аяқ басады. Логикалық ойлауға үйренеді. Биологиялық ұғымның құрамын ескере отырып, мұғалім оқушылардың жас ерекшеліктеріне сай оқу материалын берудің әдісін тандайды. Сол сабақты көрнекіліктермен қамтамасыз етеді. Жергілікті жердің маусымдық ерекшелігіне байланысты мұғалім қандай үлестірме құралдарды міндетті түрде жинап алу қажет, тірі табиғат бұрыш үшін қандай өсімдіктер мен жануарларды қай уақытта жинап алу қажет, қай кезде топ серуен өткізуге мұражайға баруға болады соның барлығын ескеру қажет.Мұғалім қандай сарамандық жұмыс тәжіребелерді дасап, демонстрациялауды сабақты қай кезінде пайдалану қажеттілігі ғылыми кеш, конференция өткізуге болады, қай әдебиеттерді, сыныптан тыс оқуға ұсыну қарастыру қажет. Барлығын алдын- ала қарастырып жоспарлауы қажет. Тақырыпқа сағаттарды бөлу, жылдық жоспар құру кезінде өтілу мерзіміне мейрамды күндер тура келсе, оны ескеру керек.
2.Сезім мүшелері. Көздің құрылысы. Алыстан және жақыннан көргіштік тақырыбына сабақ жоспар конспектісін құрып, панарамалық сабақ өткізу.
Сезім мүшелері анализаторлардың құрамына кіреді.Сезім мүшелерінің қызметін орталық жүйке жүйесі басқарады.Көздің орталығы бас мидың шүйде бөлімінде орналасқан.Орталық жүйке жүйесінің рефлекторлық қызметін түсіндіру үшін көру мүшесі арқылы айтуға болады. Көру мүшесі қорғаныштық,,бағдарлау қызметін атқарады.Оқушылар сезім мүшелері туралы жақсы түсіну үшін жануарлар дүниесінен мысал келтіруге болады.Сабақтың жоспары:1.Білімді тексеру Көздің маңызы және құрлысы.Сұрақтар қою арқылы сұралады.2.Жаңа материалды меңгеру.Тор-
лы қабықшада бейненің түзілуі және құрлысы.Көз гигиенасы.Әңгімелесу арқылы сұралады.
3.Қалыпты көзден алыстан және жақыннан көргіштіктің айырмашылығын меңгерту. Жоспар бойынша оқушылар жауап бергеннен кейін,тапсырма сұрақтарына жауап береді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   99   100   101   102   103   104   105   106   ...   131




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет