Биологияны оқыту әдістемесі (пәннің атауы) ПӘннің ОҚУ-Әдістемелік кешені


Негізгі сұрақтар және қысқаша мазмұны



бет42/131
Дата05.02.2022
өлшемі1,64 Mb.
#11341
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   131
Негізгі сұрақтар және қысқаша мазмұны:
1. Ұғымның даму теориясы.
Оқытудың мақсаты оқушыларға жүйелі, саналы, нақты білім беру. Оқушылардың ойлауын дұрыс ұйымдастыру оқытудың ең маңызды шешуші жағдайы және білімнің ең жоғарғы сапасы. Білім ұғымнан тұрады. Ғылым негізінде қалыптасып құбылыстар мен заттардың белгілері туралы процестер және олардың өзара байланысы туралы ұғым адамға әлемді тануға көмектеседі. Ұғыммен адам ойлайды. Ой шынайы өмірді көрсетеді, білімсіздікті білімге апарады. Ұғымды алғаш сезінеді, сезінуден қабылдау туындайды, одан елестетеді. Ол әрмен қорытындыға жалғасады. Одан ұғым қалыптасады, мұғалім әрбір курста негізгі ұғымдарды көрсетіп бұл ұғымдарды әр түрлі материалдармен түрліше байланыстырып оқушылармен қайталап отырған жөн.Биология –ұғымдар жүйесіне толы пән. Барлық ұғымдар жүйесі ғылымның негізіне сүйенеді. Сондықтан мектеп биологиясының ұғымдары негізінен морфологиялық, анатомиялық, физиологиялық, экологиялық, систематикалық, филогенетикалық, цитологиялық, генетикалық, эмбриологиялық және агрономиялық болып келеді. Тәнтануда гигиеналық, медециналық ұғымдар да бар. Ұғымдар жай, күрделі, арнайы және жалпы биологиялық болып бөлінеді. Әрбір ұғым біртіндеп дамып күрделенеді.Жай ұғым-бұл бастапқы ұғымдар, білімнің бір элементі. Ол келесі жай ұғыммен бірігіп күрделі ұғым түзеді. Арнайы ұғым-ол тек бір курс көлемінде дамитын ұғым. Локальді ұғым-ол тек бір тақырыпта не бір сабақта ғана дамиды.
2. Биологиялық және экологиялық ұғым.
Білік биологиялық біліммен байланысты арнайы ұғымда анықталады өсімдік, жануар, адам туралы курстарда білік біріктіріліп келесі топқа бөлінеді:
Морфология бойынша: мүшелер формасын анықтау және талдау; систематика бойынша-өсімдіктермен жануарларды анықтау және салыстыру. Анатомия бойынша-лупа, микроскоппен жұмыс. Препарат дайындау. Физиология бойынша-тіршілік процестерін бақылау. Экология бойынша-ағзаның бейімделу түрлерін экологиялық білімін табу.Іскерлік біліктіліктің дамуы біртіндеп жүреді, жайдан күрделіге қарай оқушылар бірінші сабақта өсімдік мүшелерін анықтауды үйренсе келесі тұқымдарды даражарнақты, қос жарнақты айыра біледі, кейіннен анықтамалық кестені пайдалана отырып жапырақ формаларын анықтайды. Түйнек тамыр, сабақ, пиязшықты айыра алады. Бұл морфологиялық анықтаусыз систематикалық анықтауға көшуге болмайды. Морфологиялық ұғым және біліктілік систематикалық ұғыммен біліктілікке жалғасады. Экологиялық біліктілік бақылау тірі материалды жинау, табиғатқа топ серуенге шығу жазғы тапсырма орындаумен шектеледі. Анатомиялық біліктілік –микроскоппен жұмыс жасай білу препарат дайындау, мүшелерді манау, ағзаны сою және т.б.оқушылар натуралистік ұғымдармен дағды білікті сабақта өз бетімен жұмыстана эксперименттік жұмыс орындарда топ серуенді сабақтан тыс жұмыста тірі табиғат бұрышта оқу тәжірибелік аймақтағы жұмыста үйретеді. Бұл жұмыстар биологиялық ұғыммен өте тығыз байланысты сараман жұмыста бекітіледі.
3. Ұғымның даму әдістемесі.
Бір тақырыпта немесе сабақтағы ұғым әрмен дамымай байланыспай қалуы мүмкін. Сондықтан мұғалім ұғымының әрмен дамуына үлкен шеберлікпен жұмыстануы керек. Мұғалім ұғымның бір тақырыптан келесі тақырыпқа, бір курстан келесі курсқа қалай өтетінін білуі қажет. Ең маңызды қай кезде ұғым басталады және қортындыланады мұғалім соны білуі керек. Алғаш ұғымды шешуде табиғи объектінің маңызы зор. Табиғи көрнекіліктер мен қатар сурет, кесте қолданылады. Ұғымдардын дамуы оқушының ойының да мұнсыз жүзеге аспайды. Ал ойлау проблемадан, сұрақтан туындайды. Мұғалім оқушыға тақырып бастамастан проблемалық сұрақ қоюы өте тиімді. Мұғалім таырып ішіндегі негізгі дегендерді қарастырады. Сабақта пән аралық байланыс үлкен рөл атқарады. Оқушылар өз білімдерін басқа пәндерде қолдана білуге үйренуі керек. Сабақ ұғымның дамуын үлкен сұрақ қоюдың өзінше мәні бар. Әсіресе сұрақтың қарапайымнан күрделіге қарай өтуі ойдың дамуын жоғарылатады. Осыған байланысты сұрақ деңгейі жоғарылай беру керек. Ойлаудың төменгі деңгейі үшін:
1. жай сұрақтар керек. Екінші деңгейі талдау беру; 2. Түсіндіру сұрақтары-бұл мәтіндегі негізгі идеялардың арасындағы байланысты көрсететін сұрақтар фактілермен оқиғаның арасын ажырататын сұрақтар; 3. Салыстырмалы сұрақтар; 4. Жаңа ақпаратты қолдану сұрақтары-өмірмен байланыстыра сұрақ қою; 5. Талдау сұрақтары; 6. Синтез сұрақтары.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   131




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет