Биологияны оқыту әдістемесі (пәннің атауы) ПӘннің ОҚУ-Әдістемелік кешені


Негізгі сұрақтар және қысқаша мазмұны



бет44/131
Дата05.02.2022
өлшемі1,64 Mb.
#11341
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   131
Негізгі сұрақтар және қысқаша мазмұны:
1.«Оқыту әдісі» ұғымы.
Оқушылардың жас ерекшілігіне және тақырып мазмұнына байланысты оқушыға сабақ беру әдісін таңдау жоғары сапалы білім негізін салады. Бұндай әдістер ұғым және дағды дамуына, дұрыс білім алуға және тәрбиеге мүмкіндік береді. Мұғалім сабақ беру әдісін орындап, қолдана білуі тиіс. Онсыз алға қойған мақсатына жете алмайды. Ол үшін мұғалім оқу материалын пәннің мазмұнына сәйкестендіріп, әрі оқыту әдісін дұрыс таңдау тиіс.«Оқыту әдісі» дегеніміз оқытушының оқушының алдына қойған мақсатына жету үшін екі жақты іс-әрекеттері, яғни мұғалімнің білімді беріп, сол бір мезгілде оқушының білімді қабылдауы.
Бұл анықтамада әдіс екі жақты ұғымды қамтып тұр. Білімді беруші мұғалім және білімді алушы, қабылдаушылар оқушылар. Бұл арадағы байланыс білім көзіне тікелей байланысты. Білімнің көзі оқу процесіндегі оқу материалының мазмұнымен анықталады. Практикада биологияны оқытуда әртүрлі әдістерді қолданамыз. Сонда оқыту ұстаздың білім беру әдістерінен тұрса, ал екінші жағынан оқушының білімді игеру, қабылдау қабілеттіктер жиытығынан тұрады. Оқыту әдісін барлығын көптеген белгілері бойынша біріктіріп жинақтауға болады. Білім көзі, мұғалімнің іс-әрекеті, оқу процесіндегі оқушылардың іс-әрекеті. Осы үш белгі бір-бірімен тығыз байланысты. Сондықтан осы үш белгіні бөліп қарастырмай, әдістерді классификациялауда негіз ретінде аламыз.
2.Оқыту әдістерінің классификациясы: сөз, көрнекі, практикалық.
Сабақ беру әдістері ертеден бері қалыптасқан әдістегі ең басты мақсат оқушыға білім берудің ең ұтымды үрдістерін табу, іздеу. Олар негізінен:үшке бөлінеді.
1.Сөздік әдіс.
2.Көрнекілік әдіс.
3.Практикалық әдіс.
1.Сөздік әдіс-әңгімелеу,әңгімелесу,баяндау,түсіндіру,дәріс сияқты түрлерге бөлінеді.
2.Көрнекілік әдіс-сабақ түсіндіру барысында дидактикалық құралдарды,үлестірме материалдарды,сызба нұсқалар,таблицалар,кестелерді т.б.қолдану түрі.
3.Практикалық әдіс-зертханалық жұмыс барысында тірі немесе өлі обектьілерді қолдана отырып,демонстрациялау және тәжірбиені қою нәтижесін демонстрациялау.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   131




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет