Биологияны оқыту әдістемесі (пәннің атауы) ПӘннің ОҚУ-Әдістемелік кешені


Негізгі сұрақтар және қысқаша мазмұны



бет52/131
Дата05.02.2022
өлшемі1,64 Mb.
#11341
1   ...   48   49   50   51   52   53   54   55   ...   131
Негізгі сұрақтар және қысқаша мазмұны
1.«Оқу пәні»түсінігі биологиялық циклдегі оқу пәнінің жүйесі.
«Оқу пәні»түсінігі биологиялық циклдегі оқу пәнінің негізгі мазмұнын ашады.Кез-келген «оқу пәні»сол курстың негізіне бағытталып құрылады. Осы «оқу пәнінің»мазмұнын әдістеме қарастырады. Биологиялық циклдегі оқу пәні негізіне өсімдіктану,жануартану,тәнтану,тіршілік-
тану кіреді. Биология оқу пәні ретінде өзіне тәнформасымен,әдісімен ерекшеленеді. Онда тірі обьектілер және олардың тірі табиғаттағы қалыптасуы мен дамуы нақты зерттеледі. Оқу пәнінің мазмұны ғылыми болу керек. «Оқу пәні» мен биология ғылымы құрлымы,көлемі,мақсаты жағанан бір-бірінен ерекшеленеді. «Биология ғылымының»міндеті-табиғатты зерттеу жолымен жаңа мәліметтер алу.Мектеп«оқу пәні»міндеті-ашылған ғылыми фактілерді және заңдылықтарды оқушыларға жеткізу.Мектеп пәніне шектеулі уақыт беріледі,және оқушы нақты бекітілген ғылыми деректерді ғана айтады. Биологиялық циклдегі оқу пәнінің жүйелігі сонда тірі ағзаларды оқуда барлық пәндер бірігеді,интеграцияланады.Барлық деңгейдегі тірі ағзалардың тарихи дамуы және жеке заңдылықтарын оқуда,бүгінгі ғылым эволюциялық ілім,генетика,экология. т.б.салаларды біріктіріп,байланыстырып қарайды.Бұндай бірігу мұғалімнің материалды жеткізуінде уақыт үнемдейді. Сонымен,оқу пәні білімді біріктіреді, сол жүйедегі сәйкес келетін ғылымнан жинақталған құндылықтардан тұрады. «Оқу пәні»мазмұны бүгінгі таңдағы оқу бағдарламасына сәйкес болу керек.
2.«Өсімдіктер» курсының мазмұны мен құрылымының ерекшеліктері
Курстың мазмұны қазіргі заманғы биологиялық ғылыми білім жүйесінің негіздерін және бұл жүйенің мәдениеттегі орны мен қызметін бейнелейді,ал құрлымы оқушылардың таным мүмкіндіктерінің дамуына сай анықталған.Пәннің мақсаты-тіршілікті ең жоғары құндылық деп түсінетін,экологиялық,эволюциялық ойлау деңгейі қалыптасқан,дүниенің ғылыми бейнесінің биологиялық саласын бағдарлай алатын,тірі табиғатты зерттеу әдістерінен қажетті біліктері бар,биологиялық білімін практикада қолдана алатын,биологиялық,эклогиялық сауатты тұлға тәрбиелеу. Пәннің міндеттері-оқушылардың ғылыми дүниетанымын,оларда тірі жүйеге және адамға деген қатынастың этикалық,эстетикалық критерияларын қалыптастыру,биологияны мәдениет құбылысы ретінде таныстыру.6-сынып Биологиясы «Тірі организімдер» бөлімнен басталады.Одан кейін «Өсімдіктер», «Жануарлар» деп аталатын ірі 2 бөлімге бөлінеді.
«Өсімдіктер»бөлімі үш тарауға бөлінеді.1.Жасуша организімнің тіршілігі мен құрлысының ең кіші бірлік өлшемі.Өсімдік ұлпалары.2.Өсімдіктердің вегетативті мүшелері.3. Өсімдіктердің генеративті мүшелері.Бірінші тарауда өсімдік жасушасының құрылысы,қызметі және ұлпалардың түрлері мен жасушадағы орны айтылған.Екінші тарауда тамыр оның бөлімдері,тамырдың түрөзгерісі,өркендер иен бүршік;сабақ түрлері,құрлысы,сабақтың түрөзгерістері;жапырақ оның құрлысы,фотосинтез,жап. түрөзгерістері мен өсімдіктердің вегетативті мүшелері арқылы көбеюі айтылған.Үшінші тарауда гүл құрлысы,гұлшоғыры оның маңызы;өсімдіктердің жынысты кобеюі,тозандану мен ұрықтану;жемістер,тұқым дара –қос жарнақты тұқымдардың құрлысы;тұқымның өнуі
мен өскін туралы айтылған.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   48   49   50   51   52   53   54   55   ...   131




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет