Негізгі сұрақтар және қысқаша мазмұны
1. Көрнекі әдістердің түрлері.
Биологияның барлық сабақтарда қолданады. Бірақ бұл сабақты көрнекілік әдіспен өткізу керек деген емес.Сөздік әдіс кезінде мұғалім әңгімелеп тұрып, көрнекіліктерді илюсстрация есебінде пайдаланады. Мысалы, өсімдіктері жануарларды әңгімелеп турғанда бұларды табиғи көрсету мұмкіндігі бар жағдайда көрсетуде, ғалымдарды, суреттерді, кесте, фотоларды. Бұл кезде ақпарат көзі мұғалімнің сөзі, оның әңгімесі, түсіндіруі. Сабақ өткізуде көрнекілік әдісте көрнекі құралдардың басқада ролі бар. Соның ішінде тәжіребелі, тірі объект, кино, кесте бұлар оқушылар үшін ақпарат көзі. Оқушылар көрсетілген көрнекіліктерді қарап, қорытынды жасап, қайталайды. Көрнекілік әдісті қолдану оушының белсенділігін ойлауын арттырады. Дұрыс қойылған сұрақ объектіні, тәжиребені демонстрациялауда баланың назарын аудартуы. Оқушыларда мақсатты бақылауға жетелеп саластырып қорытынды жасауға мүмкіндік береді.
Көрнекіліктер биология сабақтарда табиғи және суреттеме болып екіге бөлінеді. Көрнекілік әдістің түріне демонстрациялау, тәжиребе, табиғи объектілерді,сүреттелерді көрсетеді.Табиғи объектілерді демонстрациялау биологияны оқытуда маңызды себебі өсімдік, жануарларды тірі күйінде көрсетеді.Ыңайлы және тірі объект бұд өсімдіктер.Оны өсімдіктану, тіршіліктану сабақтарында демонстрациялайды.Өсімдіктерді алдын ала табиғатта, үйде дайындаауға болады.Өсімдіктанудын көптеген сабақтарында көрнекілік әдіс ерекше орын алады. Ал,жануарларды жануартану, тіршіліктану сабақтарында демонстрациялауға болады. Оқушыға көрсетуге ыңғайлысы орташа көлемдегі құстар мен сүткөректілер.Оларды торда ұстау демонстрациялау кезіңдесталға қояды.
2. Оқыту құралдарын көрсету ерекшеліктері, талаптары.
Суретеме көрнекіліктер кесте, сурет, схема. Оқушыға объектінің формасы, құрылысы, түсін тіршілік образын түсінуге мүмкіндік береді. Оқушылар көре алмайтын жануарларды, мұғалім суреті арқылы көрсетеді. Бірақ міндетті түрде жануарлардың өлшемдерін айту керек. Суретті мұғалім тақтада көрсете тұрып, материалды береді.Оқушылар мұғалімнің ойына сүйеніп, бар ынтасымен қабылдайды. Әсіресе, мұғалімнің суретті тақтаға салуы оқушылар үшін өте маңызды. Себебі оқушының көзінше бұл сурет құрастырады. Оқу материалын сол бір уақытта тыңдап, мұғалімнің қолының қозғалғанын бақылап, тақтадағы суретті мұғалімнің түсіндіруімен өзінің дәптеріне көшіріп салады. Бұнда оқушы толығымен машықтанады. Суретті мұғалім өзі айтқан кезде ғана бастап көрсету оқушының назарын аудартады. Биологияны оқытуда қолдан жасалған көрнекіліктердің ролі зор. Мысалы, оралса қағаз немесе кестелер биологияны оқытуда оқу кинофильмдерді демонстрациялауда маңызды. Бұл кинофильмді сабақта көрсетуде оқушыға алдын-ала сұрақ беріп, кино қарағаннан кейін.
Достарыңызбен бөлісу: |