Негізгі сұрақтар және қысқаша мазмұны
1.Биологияны оқытудағы ойынның көптүрлілігі.
Биология сабақтарында ойын түрін қолдана отырып,сабақты түрлендіріп өткізуге болады.
Ойынды қолдануда оқушылардың сабаққа деген қызығушылығы артады.Ойын элементін пайдалануда оқушылар оқу материалына қосымша материалдар іздейді және ұжымдық іскерліктері артады.Сабақта ойынды әртүрлі әдістермен жүзеге асыруға болады.
2.Биологияны оқыту процесіндегі ойынның орны.
Биологияны оқыту процесіндегі ойынның орнын дұрыс анықтай білу,сабақтың мақсатына жетуіне жәрдемдеседі.Өсімдіктану,жануартану,тәнтану,тіршіліктану курстарында ойынды сабақ сұрау барысында ,үлкен тарауды қорытындылау кезінде қолдануға болады.Ойын арқылы оқушылардың қызығушылығын арттырып,нашар деген оқушының өзін сабаққа тартуға болады.Сондықтанда сабақты түрлендіріп өткізудің маңызы өте жоғары болады.
Достарыңызбен бөлісу: |