Биологияны оқыту әдістемесі (пәннің атауы) ПӘннің ОҚУ-Әдістемелік кешені


Негізгі сұрақтар және қысқаша мазмұны



бет70/131
Дата05.02.2022
өлшемі1,64 Mb.
#11341
1   ...   66   67   68   69   70   71   72   73   ...   131
Негізгі сұрақтар және қысқаша мазмұны
1. Топсеруен түрлері,биологияны оқыту жүйесіндегі орны.
Мектеп топ серуені мұғалімнің бағдарламаға сай тақырып таңдап табиғи немесе жасанды жағдайда танымдық мақсатта класпен немесе оқушылар тобымен өткізілетін оқу тәрбиесін жұмыс түрі.Топ серуен сабақ жүиесіне кіреді негізі көктемде, күзде өсімдіктанк, жануартану, тіршіліктану курсы бойыншажүргізіледі. Топ серуеннің мазмұны өткен сабақ материалымен өте тығыз байланысты және алынған мәліметтер бақылау және жиналған материалдар нәтижелері келесі көптеген сабақтарда қолданылады. Мұғалім алдын ала жылдық жоспарда топ серуеннің өтілу мерзімін анықтап топ серуеннің тақырыбына сай табиғи құбылыстар мен оқушыларды таныстырады. Бұдан сұрақ туындайды. Ол сұраққа жауап беру үшін қайталауға тапсырма береді, алдын ала матнриалдармен танысады. Топ серуеннің танымдық, тәрбиелік мәні зор. Оқушылардың білімін тереңдетіп шындайды. Оқушылар өсімдіктер мен жануарларды табиғи ортада көреді. Өсімдік топырақпен байытылған, жануар өсімдікпен байланыстылығын, биоценоз туралы жалпы мәлімет алады. Топ серуенде бұрыннан таныс ағзалар және құбылыстар ұғымын кеңейген түрде қарай топ серуенде оқушылар эстетикалық эмоция сезеді. Табиғаттың әсемдігін көріп, қабылдау олардың отан қабілетін сүюге бастама береді. Топ серуенді өткізу әдістемелерден оқушылар жергілікті жерді бағдарлау, бақылау салыстыру құбылыстарын байланысын білу, керекті обьектті табуға, табиғатын зерттеуге үйретеді. Топ серуенде материалды жинақтап өңдеп оларды алдағы сабаққа, сабақтан тыс, класстан тыс жұмыстарда қолданады. Осыдан оқушылар тірі объектілерді жинап коллекция, кеппешөп жасауға үйретеді.
Әр бір биология курсының топ серуендері өзінше пәнге байланысты ерекшеленеді: өсімдіктану бойынша топ серуен өткізуді тақырыбы «жалпы гүлді өсімдіктермен танысу». Бұл топ серуенде балалар өсімдіктің әрбір мүшелерінің өсімдік үшін ролін гүліне, гүлшоғырына, жеміс, тұқымына мән береді. Жеміс, тұқымының таралуына бақылау өткізеді, тамыр тақырыбында өсімдік және топырақ топ серуенін өткізуге болады. Бұл топ серуенге келесі элементтерді кірістіруге болады: топырақтың 2-3 түрінің құрамымен, онда өсетін өсімдік түрлерімен танысу, түскен жапырақтар топырақ түзетін тыңайтқыштар, шырша, қарағайдың тамыр жүйесінің құрылысы . қысқы топ серуен «өсімдік қыста» бұл топ серуен сабақ тақырыбында өткізуге болады. Оқушылар әр ағаштың діңі мен бұтақтарымен, бүршіктерінің орналасуымен танысады, көктемде жылыжайда өсімдік өсіру жағдайларын топ серуен өткізуге болады. Топ серуеннің мазмұны өсімдіктерге жарық, жылу, ылғалдың қажеттілігі, өсімдіктану бойынша басқа тақырыптпрға да топ серуен өткізуге болады.
2.Топсеруенді табиғатта өткізу және ұйымдастыруға қойылатын талаптар
Әрбір топ серуен жергілікті жерді анықтауын бастайды . Оман ба, батпақ па, дала ма, шалғын ба ол лантшафт бөлігіне байланысты өскен өсімдігіне байланысты анықталады. Табиғатта әр бір бұрышының әр маусымында өзіндік әдемілігі болатын оқушыларға түсіндірусіз керек. Кіріспеден соң бақылау орны, мерзімі нақтыланып оқушы материал жинауға кіріседі. Топ серуеннің бастамасы, мұғалім сұрақ қойып оның әнгімелесуімен басталады. Топ серуеннің келесі негізгі бөлімі өз бетімен бақылау жүргізуі бірінші топ серуенде оқушыға кездескен барлық объект атын атап тіркете беруге болмайды. Тек қажетті деген қарапайым 5-10 өсімдік жануар түрлерімен таныстыру керек. өсімдіктің тек бір ғана мән беріп қана қоймай оны біртұтас ағза ретінде онын топ серуен мен байланысында қарастырып кеткен жөн. Топ серуенде тақырыпқа байланысы бар объектілерді көрсетіп, ал тақырыптан тыс объектілерді таныстырудын қажеті жоқ. Анатомиалық, морфологиалық анықтамасын класта сарамандық жұмыста өткізу керек, әсіресе өсімдіктің қандай ортада кездесіп тұрғанын онын бұл жерге қалай таралғаны туралы атап кеткен дұрыс. Мсысалы: бейік ағаштарды тұқым жемістері желмен тарайды. Аласа ағаш бұталарының жемісі құстарымен тарайды, төменгі ярус өсімдік тұқымдары ұсақ жануарлар арқылы таралады. Өз бетімен бақылаудың тапсырмасы келесідей анықтау, өлшеу, сипаттау, тірі материалды жинау оқушының өз бетімен кезінде мұғалім барлығын сыртынан қарап жүреді де белгілі бір синалда барлық оқушылар талқылауға жиналады


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   66   67   68   69   70   71   72   73   ...   131




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет