Ұғымдар Негізгі сұрақтар және қысқаша мазмұны 1.Жануарлар бөлімін ұйымдастыру. Ауылдық мектептің оқу-тәжірбиелік үлескілерінде жануарлар бөлімі болу керек.Жеке темір торларда үйшіктерде үй құстары үй қояндары көгершіндердің әртүрлері бағылады.Жануар- тану пәнінің бағдарламасына байланысты оларға негізінен 8класс оқушылары тәжірбие жүргізеді.Жануарлар күнделікті тамақтандырып тұруды қажет ететіндіктен оқушылар кез-келген уақытта көп жұмыс істеуіне болады.Жануарлар мен құстарды көп мөлшерде ұстауға болатын ауылдық мектептерде аула тазалығын сақтауды ескере отырып жануарлар бөлімін тасалау жерге орналастырған жөн.
Жануарлар мен құстарды бағып-күту кезінде оқушылар олардың өсуі мен дамуын бақылайды денесінің жеке бөліктерін өлшейді,азық нормасын мөлшерлейді және өнімді есептейді.Оқушылар өнімі әр түрлі бағыттағы жануарларды салыстыру арқылы берілген дәр- умендердің жануарлардың салмақ қосуына тәжірбие жүргізеді.
2.Әртүрлі жануарлармен жасалатын тәжірибелер мен бақылаулар. Биологпия бөлімінде жан-жануарлардың барлығымен таныса алады. Жауын құрттарының топырақтағы маңызы,құмырсқалардың тасбақалардың,кірпілердің т.б.пайдалы жануарлардың зиян кестіктермен күрестегі рольін және олармен биологиялық әдіс арқылы күрестің мәнін анықтайды.Жеміс бағында бал арасының шағын омартасы жасалады.Бұл арқылы оқушылар олардың тіршілігімен және келтіретін пайдасымен танысады.
Басқа пайдалы жәндіктердің зиянкестерін жеп,баққа пайда келтіретінін түсінеді.