Негізгі сұрақтар және қысқаша мазмұны: 1.Биологиялық цикілдегі оқу пәндерінің жүйесі. Қазіргі кездегі биология ғылымына табиғат және оны зерттеу әдістер туралы білім тән. Биология ғылымынан басқа да жаратылыстану ғылымының арасында байланыс бар. Кең аумақты ғылыми ақпараттардан мектеп пәніне тек білімділік, тәрбиелік мәні бар. Құнды оқу материалдары алынады. Соған байланысты мектептік биология пәні биология ғылымының әртүрлі саласын қысқартып бермейді, жүйеленген, өнделген материалдар жиынтығын ұсынады. Мектептегі биологияның мазмұны әртүрлі ғылыми фактілер, ұғымдар, заңдылықтар, терминдерден тұрады. Бұларды оқушылардың білуі тиіс. Әрбір адам қоршаған ортаны, тірі табиғатты өсімдіктермен жануарларды өзінің жеке ағзасының құрлысын, атқаратын қызметін тарихи және жеке дамуын өсімдіктер мен жануалардың табиғаттағы ауыл шаруашылығы маңызын білу қажет. Бұларды түсіну табиғатқа саналы түрде қарау іскерлік пен еңбек дағдыларын үйрену үшін керек. Жалпы биология курсы оқушылардың жас мүмкіншіліктеріне сәйкес теориялық түсінік береді. 1-4 кластарда дүниетану бөлімі, 5 класта жаратылыстану бөлімі алғашқы биология пәніне бастама.
2. Оқу материалының ғылымилығы 19 ғасырдың бірінші жартысында мектепте жаратылыстану пәндері өсімдік, жануарлардың морфологиясы, систематикасы қарастырылады. Ал екінші жартысында ұлы оқымысты Чарлиз Дарвиннің органикалық дүниенің даму тарихы негіздерін мектепте оқытып, осы кезден бастап, өсімдіктермен жануарлардың құрлысын қарастырды. 30-40 жылдары морфология, систематикалық материалдар көптеп берілді. 50 жылдары мофология систематикалық материалдар ықшамдалып, агротехникалық, зоотехникалық, генетика ғылымдары енгізілді. Ч.Дарвин жасуша ілімін енгізді. 1965 жылдары совет әдістемешілер мұғалімдері орта мектептегі биология курсын қарастырып, жаңа бағдарлама қарастырды. Оқу материалының ғылымилығы оның мазмұны қатаң тексерілген және ғылыми фактілермен бекітілген. Оқу материалы оқушыларды менгеру, ақыл-ой өрісінің дамуы үшін жеңілдетіледі. Оқу материалының мазмұны оқушыны баланы қызықтыратын логикалық ойландыратын қорытынды жасауға практикалық тапсырмаларды орындауға үйретуі керек. Кейбір жағдайда ғылыми материалдар оқушылырдың қабылдауына өте қиын болады. Бірақ орта білім беру мектеп жүйелеріне өте қажет. Мұндай жағдайда әдістеме міндетті түрде әдіс тәсілдерді табу керек. Мектеп биологиясын оқытуда оқушылардың жас ерекшелігіне, олардың дайындығына мән беріп, соған қарай әртүрлі әдіс тәсілдерді пайдалануға болады.
3. Биологиялық цикл пәндерінің мазмұны мен құрылымының ерекшеліктері, олардың сабақтастығы.
Биологияның алғашқы бөлімі өсімдік түрлері туралы білім беру мақсатында жүргізіледі. өсімдік курсының мазмұны алуан түрлі элеметтен тұрады. Морфология, анатомия, физиология, систематика, география, өсімдік филогенетикасынан, палеоботаника, микробиология, агрономиядан тұрады. Бұл білімде өсімдіктің табиғаттағы халық шаруашылығындағы рөлін өсімдікті пайдалану, оны өндіру туралы білуге өте қажет. Ол бағдарлама өсімдіктің тіршілігіндегі маусымдық өзгерістерге қарай қарастырылған. 6 класта негізгі бақылау жай тәжірибелер оқушыларға өсімдіктің біртұтастығын түсінуге мүмкіндік береді. өсімдіктің адам өміріндегі, халық шаруашылығындағы, табиғаттағы маңызды тақырыбы ботаникаға ғылым ретінде қысқаша сипаттама береді. Бұдан соң оқушылар өсімдік және оның мүшелерімен танысады. Бастапқы мерзімінде өсімдік оның мүшелерімен, жеміс тұқыммен танысып, оны пайдалануға мүмкіндік бар. Ол жасуша туралы оқуда оның тіршілік қызметіне мән береді. Одан кейін ұлпалар қарастырылады. Бағдарлама бойынша келесі тақырыптар өсімдіктің мүшелері тамыр, жапырақ, сабақ оның макроскопиялық және микроскопиялық атқаратын қызметі, құрлысы. Сабақ тақырыбынан кейін өсімдіктің вегетативті көбеюі туралы түсіндіріледі. Себебі, вегетативті көбеюдің түрлері жер асты, жер үсті өркен, бүршік, сабақ, жапырақ, тамыр арқылы жүреді. Сондықтан осы мүшелердің құрлысымен алдын-ала таныстыру қажет. өсімдіктің тұқыммен көбеюі гүл тақырыбында қарастырылады, соңғы тақырып өсімдік біртұтас организм қорытындыланып бекітіледі.