Биологияны оқыту әдістемесі (пәннің атауы) ПӘннің ОҚУ-Әдістемелік кешені


Негізгі сұрақтар және қысқаша мазмұны



бет40/131
Дата05.02.2022
өлшемі1,64 Mb.
#11341
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   131
Негізгі сұрақтар және қысқаша мазмұны:
1. Биологияны және экологияны оқытудағы тәрбие жүйесі
Биологияның мазмұны және әдістері оқушыларды жан жақты тәрбиелейді. Биосфераға қатынас, өзіндік ойлау және дамуы т.б. теортя мен практиканы ұштастырады, еңбек мәдениетін және білімді жұмыста пайдалануға дағдыландырады табиғат пен қарым қатынаста отанға деген махаббат сезімін оятуға эстетикалық тәрбие, ұжымда өзін ұстауға, табиғатты қорғауға этикалық мінез-құлық. Тәрбие білім берумен байланысты өте күрделі үлкен шеберлікті қажет етеді. Тәрбие тек өзінің оқу материалдарын есте сақтаумен ғана шектелмейді. Тәрбие жоспарлы тек сабақта емес барлық оқу жұмыстарында белгілі бір жүйені керек етеді. Оқыту мен тәрбиелеу бір-бірімен байланысты күрделі процесс. Ол мұғалімнің біліктілігін талап етеді. Тәрбие беру дегеніміз оқушылардың пәннен алған білімінің сеніміне айналуы,ал сенім одан әріжүйелі көзқарасқа қалыптасады. Сенім әрбір жеке тұлғаның адамға, қоршаған ортаға қарым-қатынасында әдетінде жүріс тұрысында және іс әрекетінде айқындалады. Тәрбие элементінін бір бірімен байланысы әлемдік көзқарасты тәрбиелеу оқушылардың дербес ойлау қабілетінің дамуымен қоршаған әлеміне дұрыс көз қарасымен тығыз байланыста болуы , ойлауды, тәрбиелеуді практикада қолдану және эстетикамен байланысы эстетикалық тәрбие, табиғатқа, еңбекке және тұрмысқа әрекетті қатынаста болатын таным мен этикаға байланысты этикалық тәрбие, әлемдік көзқарас ұжымдарын танымдық қызметпен еңбек табиғатындығы және отбасындағы іс-әрекетпен байланысты әрбір тәрбие элементі түсініктер жүиелілігі мен әдістермен жүзеге асады.
2. Ғылыми дүниетанымды тәрбиелеу
Дүниетану адамның дүниеге көзқарасын өзара қарым қатынасын сипаттайтын жүйе. Әлеиге көзқарас әрбір жеке тұлғаның өмірлік бағдарламаларын, мұраты мен сенімін, ынтасы мен құндылығын анықтаудың нәтижесінде адамның тәртібінің қалыптасуына мүмкіндік туғызады. Дүниетанымның теориялық негізі философия. Философиялы білім жүйесі 4 топтан тұрады. Болмыс туралы ұғым, практика туралы ұғым, таным туралы қғым және рухани бастаулар туралы ұғым. Жеке адамның көзқарасы оның өзін өзі танудың ең алғашқы кезіне басталады. Жеке тұлғаның даму барысында энперизмдік түсініктер теориялық түсініктерге ауысады. Мектепте өтілетін әр бір пән оқушыларға белгілі бір жүйелі білім ептілік және дағды беріп, олардың ғылыми дүниетанымын тәрбиелеуге мүмкіндік береді.
3. Патриоттық тәрбие
Бұл тәрбие- сабақта және кластан тыс жұмыстарға ғылыми жаңалықтардың тарихы мен өз елінің және басқа да елдердің көрнекті ғалымдардың ғылыми қызметі мен ғалымдардың отандық және әлемдік ғылымға қосқан үлестерімен танысу және оқушылардың туған жерінің табиғатын қорғаудағы үлесі тағыда басқа үлкен мәнісі бар. Мысалы, 6-7 класс жас натуралиасттермен жұмыс табиғатты сүю.
1. туған өлкенің табиғатын қорғау: а) емен, сирек аңдар, өсімдіктер, табиғи ескерткіштер, б) ұсақ балықтар, с) жасыл патруль, д) туған өлкені көгалдандыру.
2. туған өлкенің табиғатын байыту: а) аңдарды жерсіндіру, б) өсімдік өсіру, в)көгалдандыру.
3. туған өлкенің табиғатын зерттеу: а) экскурсия (жылдың әр мезгілінде), б) мағлұматтар жинау (туған өлке бойынша), в) өлкетану, музей саябағы (мектептік өлкетену музейін құру).


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   131




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет