Өздігінен тексеруге арналған сұрақтар
1.Морфологиялық тақырыптағы зертханалық жұмыстардың маңызы неде.
2.Мектеп оқулығы бойынша зертханалық жұмыстар қалай құрылған.
3.Физиологиялық мазмұндағы тәжірибелердің маңызы неде.
4.Өсімдіктану курсы бойынша жүргізілетін зертханалық жұмыстардың ерекшелігі.
5.Тәжірбие қоюға қойылатын негізгі талаптар.
Пайдаланылатын әдебиеттер
1.Н.М.Верзилин «Общая методика преподавания биологии» М,1972ж.
№ 11 дәріс
Тақырып: Жануарлар курсының мазмұны, құрылымы
1.Жануарлар биологиясының мазмұны
2.Жануартану курсында өткізілетін зертханалық жұмыстарды талдау
Дәріс мақсаты: Жануарлар курсының мазмұнымен,құрылымымен студенттерді таныстыру және ерекшелігіне тоқталу.
Ұғымдар:үлестірме карточка,нұсқау карточкасы,дидактикалық карточка.
Негізгі сұрақтар және қысқаша мазмұны
1.Жануарлар биологиясының мазмұны.
Жануартану-жануарлардың тіршілігін,құрлысын,тіршілік әрекеті процестерін,дамуын,ортамен қарым-қатынасын зерттейді.Жануарларды оқытуда оқушыларда жануарлардың ортаға бейімделуі туралы біртұтас идеяны қалыптастыратын мынадай негізгі ұғымдарды ерекше түсіндіруге болады:
1.Кез-келген ағза өзі тіршілік ететін орта жағдайларына бейімдеушілік қабілетке ие бола алады. Бұл оның сыртқы түрінен,түсінен,құрлысынан,тіршілік әрекеттерінен көрінеді.
2. Бейімдеушілік ағзаның тіршілігін сақтауына,өсіп-өнуіне,артында ұрпақ қалдыруына,түрдің сақталуына мүмкіндік береді.3.Бірақ бейімдеушілік салыстырмалы болады,яғни ағзаның тіршілігін барлық жағдайда сақтап қала алмайды.4. Бейімдеушілік табиғи сұрыпталудың әсерінен жүреді.
Бұл бағыттар жануартануды оқытуда біртіндеп дамыса,тіршілктану курсында терең талданып оқылады.Сабақтың соңында оқушылар мынадай қорытынды жасайды:Жануарлар өсімдіктер сияқты тірі ағзалар,құрылысы жағынан ортақ белгілері бар,ол туыстықтарын дәлелдейді.Тақырыпты оқу барысында жануартану-жануарлар жөніндегі ғылым екені ашып көрсетіліп,жануарлардың ерекшеліктері мен жіктелу принциптері қарастырылады.
Жануарлар биологиясы 6және7-сыныптарда оқылады.6-сыныпта жануарлар бөлімі 2 тарауға: Біржасушалы және көпжасушалы жануарлар деп бөлінеді. Біржасушалы жәндіктердің мекен ортасы,құрлысы,қозғалуы,қоректенуі,тыныс алуы,көбеюі маңызы 6-сыныпта қаралса,ал7-сыныпта біржасушалылардың көптүрлілігі қарастырылады. 6-сынып жануарлар биологиясының мазмұны барлық омартқасыз және омыртқалы жануарлардың құрылысымен қызметі,асқорту,қан айналу,тыныс алу,зәр шығару жүйелері көбеюі мен дамуы мінез-құлқы қарастырылған.
2.Жануартану курсында өткізілетін зертханалық жұмыстарды талдау.
Жануартану курсында өткізілетін зертханалық жұмыстар 7-сынып оқулығының соңында берілген.6-сынып оқулығында жапнуартану курсы бойынша зертханалық жұмыстар берілмеген,онда тек жануарлардың тіршілік әрекеттері,құрылысы мен қызметі берілген. Зертханалық жұмыс Кірпікшелі кебісшенің құрылысын,қозғалысын және тітіркенгіштігін бақылаудан басталады. Мақсаты: микропрепарат дайындап,кірпікшелі кебісшенің құрылысымен,тіршілік әрекетіменоқушыларды таныстыру.Құрал-жабдықтар мен жұмыстың жасалу барысы оқулықта берілген.Зерт.жұмыс нұсқау карточкасы бойынша жүргізіледі.(оқулық бет174)Сабақты бастамас бұрын мұғалім кірпікшелі кебісшені өсіру әдісін айтады,сосын мынадай сұрақтарға жауап алады:кірпікшелі кебісшенің дене бөліктерін табу,ядроның маңызына тоқталу;кірпікшелі кебісшенің ас қорыту ерекшелігіне тоқталу;
кірпікшелі кебісшенің маңызды қасиеті тітіркендіргіштікке тоқталу.
Тәжірбие жасалып болғасын,нәтижесін мұғалім тақтаға,оқушылар дәптерге жазады,суретіннен дене бөліктерін көрсетеді,қортындылайды.Тұщысу гидрасының сыртқы құрлысы және тіршілігімен танысуға арналған зерт. жұмыс.(оқулық бет-182)Тақырыптың мазмұны мұғалімге оқушылардың танымдық қызығушылығы мен дербестігін дамытуға мүмкіндік береді.Мақсаты: оқушыларға тұщысу гидрасының тіршілік етуіне байланысты сыртқы құрлысының ерекшеліктерімен және рефлекс түсінігімен таныстыру. Құрал-жабдықтар мен жұмыстың жасалу барысы оқулықта берілген.(бет182)Мұғалім гидраны таблицадан немесе оқулықтағы суретін көрсете отырып,тіршілік ерекшелігін қоректенуін баяндайды.Суретті пайдалана отырып оқушыларға сұрақтар қойады.- Гидраның дене пішіні қандай; -денесінің негізгі бөлімдерін ата; т.б.
Мұғалім оқушы жауабын толықтырып,қортындылайды. Содан соң мұғалім гидраның жүйке жасушаларының орналасуын түсіндіреді.Мұғалім тақтаға жүйке жасушаларының өсінділері өзара жанасып,жүйке жасушасын түзетінін көрсетеді.Өткен сабақтағы тітіркендіргіштік ұғымын пайдаланып «қозу»,«рефлекс» ұғымдарын түсіндіреді.Материалды қорытындылау үшін әңгіме өткізеді.Оқушылар дәптерлеріне жұмысты аяқтап,суретін салып тапсырады.
Достарыңызбен бөлісу: |