Биологияны оқыту әдістемесі (пәннің атауы) ПӘннің ОҚУ-Әдістемелік кешені


Негізгі сұрақтар және қысқаша мазмұны



бет54/131
Дата05.02.2022
өлшемі1,64 Mb.
#11341
1   ...   50   51   52   53   54   55   56   57   ...   131
Негізгі сұрақтар және қысқаша мазмұны
1.Морфологиялық тақырыптағы зертханалық жұмыстарды ұйымдастыру және өткізу.
Мектептің мақсаты-оқушыларды қазіргі ғылым негіздерімен терең таныстыру және алған білімді практикада іскерлікпен қолдана білуге үйрету.Бұл міндетті шешуде биологияны оқытудың практикалық бағытының маңызы зор.Оған зертханалық жұмыстар,сарамандық жұмыстар,мектептің оқу тәжірбиелік үлескелеріндегі жұмыстар,жазғы тапсырмалар т.б.жатады.
Өсімдіктану курсы бойынша морфологиялық тақырыптағы зертханалық жұмыстарды ұйымдастыру мен өткізудің кейбіреуіне тоқталайық.Ұлғайтқыш құралмен жұмыс істеу тәртібінен өткізілетін зерт.жұм.мақсаты:микроскоппен жұмыс істеу тәртібі,жеке жасуша құрлысы неден тұратынын ұлғайтқыш құралмен көріп талдау арқылы жасуша-тірі ағза екеніне оқушылардың көзін жеткізу.Препарат жасауды үйрету. Зертханалық жұмыстарды өткізу нұсқау қағазы бойынша жүргізіледі..Ұлғайтқыш құралмен толық танысып,қалай қолдануды меңгерген соң,оқушылар микропрепарат жасауды үйренеді.Микроскоптан көргендерін оқулықтағы суретпен салыстырғаны тақырыпты игеруге себеп болады.Қол әйнекпен қарбыздың кесіндісі мен піскен картоп түйнегін жай көзбен қарағанда өте майда дөңгелек түйіршіктер көрінеді,оның әрбіреуі жеке бір жасуша.
Өсімдік жасушасының құрлысын пияз қабығы өңінен препарат жасау;йодтың әлсіз ерітіндісін тамызып микроскоппен қарау;көрінген жасуша суретін салу керек.Жасушаның құрлысына,әр бөлімнің жасушада орналасуына ,пішініне көңіл аудартып,жекебөлімдерінің тиісті атын жаздыру,оқулықтағы суретпен салыстырып талдау
2.Физиологиялық мазмұндағы тәжірибелерді талдау.
Физиологиялық мазмұндағы тәжірибелерге.Жапырақта жарық әсерінен органикалық заттың түзілуі;жапырақтың суды буландыруы;жарықта жапырақта көмір қышқыл газын сіңіріп,оттегін бөлу;жапырақтың тыныс алуы жатады.Жапырақта жарық әсерінен органикалық заттың түзілуі. Фотосинтез парагрофында 7-күн бұрын қойылған тәжірбиені демонстрациялап,орг.емес заттың органикалық затқа айналуын оқушыларға түсіндіру мұғалім мақсаты.
Сабақтың жоспары:1.Сабақтың міндетін анықтау.2.Тәжірбиенің қалай қойылғанын мәлімдеу.
3.Жапырақтың түссізденуі мен онда крахмалдың түзілуін демонстрациялау кезінде қойылатын сұрақтар.4. Жапырақта жарық әсерінен органикалық заттың түзілуіне қорытынды жасау. 5.Сабақты қорытындылау,бекіту.Осы жоспар бойынша оқулықта берілген құрал-жабдықтарды қолдана отырып тәжірбие жасалады.(бет59)әдістемесі оқулықта берілген. Жапырақтың суды буландыруы сол сабақты түсіндіру кезінде,3-4күн бұрын қойылған тәжірбие арқылы демонстрацияланады. Мектеп оқулығында тәжірбиені жасау әдістемесі берілген.Тек алдын ала тәжірбиені қою уақытын календарьлық жоспар ескертпесіне жазған жөн. Сабақтың жоспары:
1.Оқушыларға су сіңірілу өсімдік тамыры арқылы жүретінін естеріне салу.
2.Сұрақ:-Өсімдіктің қай мүшесі су буландырады.Жауапты тәжірбиені демонстрациялау арқылы айтады.Физиологиялық мазмұндағы тәжірибелерді өткізу үшін алдымен мұғалім сабақ жоспарын құрып, тәжірибені уақытылы қою керек. Тәжірбиені сол сабақты түсіндіру барысында немесе сол сабақты қорытындылау да өткізуге болады. Тәжірбиенің өткізілу орнын дұрыс анықтау ,оқушыда білімнің қалыптасуына үлкен етеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   50   51   52   53   54   55   56   57   ...   131




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет