Негізгі сұрақтар және қысқаша мазмұны 1. Биологияны оқытудағы халықтық педагогиканың орны. Халқымыздың бар өмір тіршілігі тікелей табиғат аясында өткендіктен табиғаттың сан алуан құпия құбылыстарын бақылай жүріп табиғатта болатын үйлесімділік үндестігі туралы орынды ой-тұжырымдар жасап отырған.Мұндай тұжырым қорытындылар көбі жабайы жануарлар мен табиғат құбылыстарының арасында болатын өзара табиғи заңдылықтардың ақиқатын аңғартады және сол ағзалардың тыныс тіршілігіне тән құнды деректерді аламыз. Халықтың өмір тәжірбиесінен күнделікті табиғатқа зер сала отырып бақылауынан қалыптасқан қағидалардың көптігін білеміз.Халық медицинасы халықтың өзімен бірге жасалып келеді Балалардың білім дәрежесін кеңейтуге мұғалім өзге пәндермен өз пәнін байланыстыра білу керек,яғни халықтық педагогиканы енгізу керек.
2.Жеке курстарды оқытуда халықтық педагогика элементтерін пайдалану. Өсімдіктану пәнінен қосжарнақтыларды оқығанда жергілікті жердің өсімдіктерін салт-дәстүрмен тығыз байланыстырып қызықты тартымды өткізуге болады. Мысалы:сексеуіл мықты жанама тамырлы,жұлынуы қиын бұталы өсімдік.Көшіп қонып өмір сүрген қазақ халқы оны отынға пайдаланған себебі шоғы өте қызулы,сондықтан жылуды көп береді.
«Қазақстандағы дәрілік өсімдіктер»тақырыбын оқыған кезде өңірдегі емдік мақсатта пайдаланатын өсімдіктер туралы айтылу керек. Жануартану пәнінен сүтқоректілер класын оқығанда төрт түлік мал өнімдеріне ерекше назар аударып ет,сүт,май,ағаш,төсеніш,киім-кешек мал өнімі екенін айту керек.Қазақ төрт түлік малды «мінсең көлік,жесең ет,ішсең ақ,сусын»деп тұжырымдаған.Қазақ халқының әдет-ғұрыптарын,салт-дәстүрлерін биология сабақтарында көптеп пайдалану болашақ қоғам иелерін білімді,көргенді өнегелі,еңбекқор етіп тәрбиелеуге қосар үлкен үлес.