Биологияны оқыту әдістемесі (пәннің атауы) ПӘннің ОҚУ-Әдістемелік кешені


Өздігінен тексеруге арналған сұрақтар



бет81/131
Дата05.02.2022
өлшемі1,64 Mb.
#11341
1   ...   77   78   79   80   81   82   83   84   ...   131
Өздігінен тексеруге арналған сұрақтар:
1. Сабақтан тыс жұмыстың ерекшелігін сипатта.
2. Класс бөлмесінде, тірі табиғи бұрыштағы сабақтан тыс жұмыстарды ата.
3. Табиғаттағы сабақтан тыс жұмыстардың маңызы неде.
Пайдаланылатын әдебиеттер
1.Н.М.Верзилин «Общая методика преподавания биологии» М,1972ж.
2.В.М.Корсунская «Уроки общей биологии»М,1970г
3.Д.Комиссаров «Методологические проблемы школьного биологического образования» М,1991
25 дәріс
Тақырып: Сыныптан тыс жұмыс.
1. Сыныптан тыс жұмыс түрлері.
2. Топтық жұмыс. Жас натуралистер үйірмесі.
Дәріс мақсаты: Сыныптан тыс жұмыстардың оқу-тәрбие жұмысындағы ерекшелігіне маңызына тоқталу.
Ұғымдар:кластан тыс жұмыс,натуралистер үйірмесі.
Негізгі сұрақтар және қысқаша мазмұны
1. Сыныптан тыс жұмыс түрлері.
Биологиядан сыныптан тыс жұмыстар сабақ уақытында қаралмаған,сабаққа сыймаған материалдар қаралады.Сыныптан тыс жұмыстар оқушылардың болашақта мамандық алуға байланысты мәселелеріне көмектеседі. .Сыныптан тыс жұмыстарға үйірмелер,кештер және конференциялар,кітаптар оқу мен т.б. ұйымдастыру қажет болады.Биология үйірмесі ынта қойған және қосымша білім алуға ризалық білдіретін оқушылар үшін ұйымдастырылады. Оқушылардың биология пәніне деген қызығушылығын,ынтасын дамыту үшін 1-2оқушыны ғана емес кластағы оқушылардың барлығында тарту керек.Биология үйірмесінде өтілетін үлгі тақырыптар курстын барлық тақырыптарында көрсетілген.Бұл тақырыптар ғылымға,табиғатқа қоғамға дұрыс көзқараста тәрбиелейтін дүние тану сиппаты тақырыптар болуға тиіс.Кейбір тақырыптарды оқушы талабына сәйкес енгізуге болады.Тақырыптардың көбі кітап оқудан басқа тірі табиғат бұрышында тәжірбие жасауды табиғатта бақылау жүргіз- уді микроскоппен жұмыс істеуді қажет етеді.Үйірме жұмысын жергілікті ғылыми мекемелер жұмысымен байланысты жүргізуге болады,бірақ үйірме жұмысын осы мекемелердің өндірістік тапсырмаларына тәуелді етіп қоюға болмайды.Оқушылар тәжірбие жасағанда және оның нәтижесін өңдегенде қол еңбегін істей білулері оның маңызын түсінулері керек. В.Л.Комаровтың мынадай сөзін еске түсірейік: «Дұрыс ұйымдастырылған сарамандық жұмыс оқушылардың ой-пікірін дамытуы және оларға берік білім беруі керек».
2.Топтық жұмыс. Жас натуралистер үйірмесі.
Сыныптан тыс жұмыстар оқушылардың назарын өздеріне аударатындығы сөзсіз.Ғылыми кештерде баяндама кезінде кино көрсетуге кітаптардан үзінділер оқуға музыка ойнауға өлең айтуға болады.Ғылыми кешпен конференция екеуінде де кітап көрмесі ашылады,оқушы жұмыстары қойылады. Сыныптан тыс жұмыстар мен сабақтан тыс жұмыстардың барлығы мазмұны жөнінде де, оқуыту әдістері жөнінде де сабаққа байланысты болады.
Сабақ кезінде оқушылардың білімдерін кеңітуге не тереңдетуге ынтасы ауады,бұл сыныптан тыс жұмыстар келесі сабақтарда дамытыла түседі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   77   78   79   80   81   82   83   84   ...   131




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет