Биологияны оқыту әдістемесі (пәннің атауы) ПӘннің ОҚУ-Әдістемелік кешені


Өздігінен тексеруге арналған сұрақтар



бет90/131
Дата05.02.2022
өлшемі1,64 Mb.
#11341
1   ...   86   87   88   89   90   91   92   93   ...   131
Өздігінен тексеруге арналған сұрақтар
1. Жануарлар бөлімін ұйымдастырудың маңызы неде.
2.Әртүрлі жануарлармен жасалатын тәжірибелердің қандай түрлері бар.
3.Қандай жануарлар қолға тез үйренеді.
4.Тамақты дұрыс берудің тиімділігі неде.
5.Оқушылардың өз бетімен жұмысын ұйымдастырудағы орны.
Пайдаланылатын әдебиеттер
1.Н.М.Верзилин «Общая методика преподавания биологии» М,1972ж.
2.В.М.Корсунская «Уроки общей биологии»М,1970г
30 дәріс
Тақырып: Мектептің оку-тәжірибелік аймағында тәжірибелік жұмыстарды жоспарлау.
1.Егістік бөлімі.
2.Көкөніс бөлімі.
3.Жеміс-жидек бағы.
4.Гүлбақша бөлімі.
Дәріс мақсаты:Өсімдіктер бөлімін ұйымдастыру және оларды бөліп орналастырудың маңызы туралы баяндау.Өз бетімен жұмыс ұйымдастыруға үйрету.
Ұғымдар Егістік,көкөніс,жеміс-жидек,гүлбақша.
Негізгі сұрақтар және қысқаша мазмұны:
1.Егістік бөлімі.Бұл бөлімге көкөніс дақылдары ашық жерде немесе беті жабылған жерде өсіріледі.Мектептің дүниетану,өсімдіктану және ауылшаруашылық еңбек сабақтарының бағдарламасына сай 5-6сынып оқушылары өсімдіктермен тәжірбие жұмыстарын жүргізеді.Әртүрлі ауылшаруашылық дақылдарының ылғалға,қоректік заттарға талабы және арамшөптерге төзімділігі әртүрлі.Сондықтан тәжірбие үлескісінде сол айналадағы шаруашы-
лыққа тән ауыспалы егістік жүйесі жүргізілуі тиіс.Ауыспалы егістікті екі бөлікке бөледі:
1)-шісі осы жылғы тәжірбие жүргізілсе,2)-шісі жинақтамалық (коллекциялық)егістік болады.
2.Көкөніс бөлімі.Бұл бөлімде негізгі көкөніс дақылдары ашық жерде немесе беті жабылған жерде өсіріледі.Биология және ауылшаруашылық еңбек сабағының бағдарламасына сәйкес 5-6сынып оқушылары жүргізеді.Бұл дақылдарды міндетті түрде сол жердегі шаруашылыққа тән ауыспалы егіс жүйесімен егу керек.Көкөніс дақылы егілген топырақ бір маусымның ішінде бірнеше рет қопсытылатындықтан топырақ құрамы өзгереді.Сондықтан топырақтың құнарлығын қалпына келтіретін көп жылдық шөптің ауыспалы егіс жүйесі пайдаланылады.
3.Жеміс-жидек бағы.Мектептің оқу-тәжірбие үлескісінде жеміс-жидек бағы үшін басқа бөлімдерге қарағанда аумақты жер бөлінеді.Бақта биология және ауылшаруашылық еңбек сабақтарының бағдарламасына сай 6-7сынып оқушылары жұмыс істейді.Онда сол ауданға тән барлық өндірістік жеміс-жидек және маңызы зор сырттан келген өсімдіктер өсірілуі керек.Өсімдіктердің сорттық құрамы негізгі аудандастырылған және оқу үрдісіне қажетті сорттардан тұрады.Жеміс ағаштарының аралығындағы бос жерлерге бүлдірген,көкөніс дақылдары өсіріледі.Мектептік бақ-оқушылардың тәжірбие базасы.
4.Гүлбақша бөлімі.Мектеп гүлбақша бөлімі негізінен эстетикалық тәрбие үшін пайдаланылады.Гүлдер әсемдігімен жағымды хош иісімен адамды қуанышқа бөлейді,эстетикалық сезім туғызады.Гүлдер өсімдіктану,тіршіліктану сабақтарына сараман- дық жұмыстар қоюға өте қолайлы.Газондар мен гүлкөмбелер мектептің алдындағы көрнекті жерде жолдың екі жағына орналасуы керек.Мектеп гүлбақшасы үшін бір жылдықтардан жұлдызшешек(левкой),қашқаргүл(астра),үлпет(цинния),екі жылдықтардан-дәстүргүл(марга- ритка),және көп жылдықтардан қызғалдақ,жыланқияқ,баршынгүл(гладиус),наурызгүл(геор- гин),бақытгүл(хризантима)сияқты т.б.өсімдіктер алынады.Гүлбақша үшін көбінесе көп жыл- дық өсімдіктер алынғаны дұрыс.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   86   87   88   89   90   91   92   93   ...   131




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет