Биологияны оқыту әдістемесі (пәннің атауы) ПӘннің ОҚУ-Әдістемелік кешені


Өздігінен тексеруге арналған сұрақтар



бет7/9
Дата16.02.2017
өлшемі1,64 Mb.
#9424
1   2   3   4   5   6   7   8   9

Өздігінен тексеруге арналған сұрақтар

1. Жануарлар бөлімін ұйымдастырудың маңызы неде.

2.Әртүрлі жануарлармен жасалатын тәжірибелердің қандай түрлері бар.

3.Қандай жануарлар қолға тез үйренеді.

4.Тамақты дұрыс берудің тиімділігі неде.

5.Оқушылардың өз бетімен жұмысын ұйымдастырудағы орны.



Пайдаланылатын әдебиеттер

1.Н.М.Верзилин «Общая методика преподавания биологии» М,1972ж.

2.В.М.Корсунская «Уроки общей биологии»М,1970г

30 дәріс



Тақырып: Мектептің оку-тәжірибелік аймағында тәжірибелік жұмыстарды жоспарлау.

1.Егістік бөлімі.

2.Көкөніс бөлімі.

3.Жеміс-жидек бағы.

4.Гүлбақша бөлімі.

Дәріс мақсаты:Өсімдіктер бөлімін ұйымдастыру және оларды бөліп орналастырудың маңызы туралы баяндау.Өз бетімен жұмыс ұйымдастыруға үйрету.

Ұғымдар Егістік,көкөніс,жеміс-жидек,гүлбақша.

Негізгі сұрақтар және қысқаша мазмұны:

1.Егістік бөлімі.Бұл бөлімге көкөніс дақылдары ашық жерде немесе беті жабылған жерде өсіріледі.Мектептің дүниетану,өсімдіктану және ауылшаруашылық еңбек сабақтарының бағдарламасына сай 5-6сынып оқушылары өсімдіктермен тәжірбие жұмыстарын жүргізеді.Әртүрлі ауылшаруашылық дақылдарының ылғалға,қоректік заттарға талабы және арамшөптерге төзімділігі әртүрлі.Сондықтан тәжірбие үлескісінде сол айналадағы шаруашы-

лыққа тән ауыспалы егістік жүйесі жүргізілуі тиіс.Ауыспалы егістікті екі бөлікке бөледі:

1)-шісі осы жылғы тәжірбие жүргізілсе,2)-шісі жинақтамалық (коллекциялық)егістік болады.

2.Көкөніс бөлімі.Бұл бөлімде негізгі көкөніс дақылдары ашық жерде немесе беті жабылған жерде өсіріледі.Биология және ауылшаруашылық еңбек сабағының бағдарламасына сәйкес 5-6сынып оқушылары жүргізеді.Бұл дақылдарды міндетті түрде сол жердегі шаруашылыққа тән ауыспалы егіс жүйесімен егу керек.Көкөніс дақылы егілген топырақ бір маусымның ішінде бірнеше рет қопсытылатындықтан топырақ құрамы өзгереді.Сондықтан топырақтың құнарлығын қалпына келтіретін көп жылдық шөптің ауыспалы егіс жүйесі пайдаланылады.

3.Жеміс-жидек бағы.Мектептің оқу-тәжірбие үлескісінде жеміс-жидек бағы үшін басқа бөлімдерге қарағанда аумақты жер бөлінеді.Бақта биология және ауылшаруашылық еңбек сабақтарының бағдарламасына сай 6-7сынып оқушылары жұмыс істейді.Онда сол ауданға тән барлық өндірістік жеміс-жидек және маңызы зор сырттан келген өсімдіктер өсірілуі керек.Өсімдіктердің сорттық құрамы негізгі аудандастырылған және оқу үрдісіне қажетті сорттардан тұрады.Жеміс ағаштарының аралығындағы бос жерлерге бүлдірген,көкөніс дақылдары өсіріледі.Мектептік бақ-оқушылардың тәжірбие базасы.

4.Гүлбақша бөлімі.Мектеп гүлбақша бөлімі негізінен эстетикалық тәрбие үшін пайдаланылады.Гүлдер әсемдігімен жағымды хош иісімен адамды қуанышқа бөлейді,эстетикалық сезім туғызады.Гүлдер өсімдіктану,тіршіліктану сабақтарына сараман- дық жұмыстар қоюға өте қолайлы.Газондар мен гүлкөмбелер мектептің алдындағы көрнекті жерде жолдың екі жағына орналасуы керек.Мектеп гүлбақшасы үшін бір жылдықтардан жұлдызшешек(левкой),қашқаргүл(астра),үлпет(цинния),екі жылдықтардан-дәстүргүл(марга- ритка),және көп жылдықтардан қызғалдақ,жыланқияқ,баршынгүл(гладиус),наурызгүл(геор- гин),бақытгүл(хризантима)сияқты т.б.өсімдіктер алынады.Гүлбақша үшін көбінесе көп жыл- дық өсімдіктер алынғаны дұрыс.

Өздігінен тексеруге арналған сұрақтар:

1.Егістік бөліміне қандай дақылдар отырғызылады.

2.Көкөніс бөлімінің өсімдіктерін ата.

3.Жеміс-жидек бағының маңызы неде.

4.Гүлбақша бөлімінің сабақтағы орны.

Пайдаланылатын әдебиеттер

1.Н.М.Верзилин «Общая методика преподавания биологии» М,1972ж.

2.В.М.Корсунская «Уроки общей биологии»М,1970г

3. «Биология мектепте»журналы. №2, 2001ж.



6. Лабораториялық (практикалық) сабақтарының жоспары




Тақырыбы

Мазмұны

Апта

Әдебиеттер

1

Мектептік 6 сынып биология оқулығын талдау.


1.6 сынып биология оқулығын талдау.

2. 6 кл биология оқулығының талапқа сайлығы,мазмұнының құндылығы.



1

1.Н.М.Верзилин «Общая методика преподавания биологии» М,1972ж.

2.К.Жүнісқызы Биология оқулығы 2006ж.

3.Мектеп бағдарламсы


2

Биологиялық және экологиялық ұғымдардың дамуы.


1. Ұғымның даму теориясы

2. Биологиялық және экологиялық ұғым.

3. Біліктің дамуы.

4. Ұғымның даму әдістемесі.



2

Н.М.Верзилин «Общая методика преподавания биологии» М,1972ж


3.

Биологияны оқыту процессіндегі сөздік әдістер


1.6-шы сынып оқушыларына «Кіріспе» бөліміндегі «Тірі ағзалар» тақырыбына әңгімелесуді құрастыру.

2.«Биологиялық ғылымдар» тақырыбына әңгіме әдісін падаланып конспект жазу.



3

1.Н.М.Верзилин «Общая методика преподавания биологии» М,1972ж.

2.И.Г. Белов. Уроки ботаники М. Просвещения 1974 г. 3.В.И. Кузнецов Уроки биологии 6-7 кл. М. Просвещ. 1991 4.К.Жүнісқызы Биология оқулығы 2006ж.

5.Зверев И.Д., Мягкова А.Н. Общая методика преподования биологии – М.; Просвещение 1985.


4

Өркен тақырыптары бойынша физиологиялық мазмұндағы сабақтардың өтілу әдістері.


1. Осы тақырыптағы физиологиялық ұғымдардың көлемі мен мазмұны.

2. Сабақта биологиялық эксперименттерді пайдалану әдістері.

3. Сабақта эксперименттерді меңгеру техникасын мына тәртіп бойынша жазып: а) Тақырыбы, мақсаты

б) Қай сабақта, қалай пайдаланады.

в) Құрал-жабдықтар.

г) Тәжірибені қою мезгілі және оған дайындық.

д) Суретін салу, схемасын сызу.


4

Н.М.Верзилин «Общая методика преподавания биологии» М,1972ж.

А.В.Бинас и др. Биологический экспермнт в школе М.Просв. 1990

В.А. Тетюрев. Методика эксперимента по физиологии растений. Учпедгиз 1955 г

И.Г. Белов. Уроки ботаники М. Просвещения 1974 г.

А.М. Розенштейн. Самостоятельные работы уч-ся по ботанике. М. Просвещ. 1977г.

В.И. Кузнецов Уроки биологии 6-7 кл. М. Просвещ. 1991 г.




5.

Өсімдіктану курсы бойынша өткізілетін зертханалық жұмыстарды жүргізу әдістері

1.Микроскоппен жұмыс істеу ережелері

2.«Өсімдік жасушасының құрылысы» тақырыбындағы зертханалық жұмыс (конспект құру)

3.Физиологиялық мазмұндағы зертханалық жұмыстар (конспект құру)


5

А.В.Бинас и др. Биологический экспермнт в школе М.Просв. 1990

В.А. Тетюрев. Методика эксперимента по физиологии растений. Учпедгиз 1955 г

И.Г. Белов. Уроки ботаники М. Просвещения 1974 г.

К.Жүнісқызы Биология оқулығы 2006ж.




6

«Жануартану» пәні бойынша жекеленген тақырыптарды оқыту әдістері


1. «Жауын құрты» тақырыбы бойынша тірі үлестірме материалдарымен оқушылардың жұмысын ұйымдастыру.

2. №15 Жауын құртының сыртқы құрылысы, қозғалуы және тітіркендіруге қайтаратын жауабын бақылау Зертханалық жұмысын өткізу әдістемесі. жазбаша)

2. Жауын құртын өсіру және оларды сабаққа пайдалану әдістері (жазбаша)


6

Биология. Жануар бөлімі,7-8 кл., 1990

Н.А.Рыков «Зоологияны оқыту методикасы»А,1953ж

Е.Т.Бровкин ж.б. «Зоологиря сабақтары» А-А, «Мектеп», 1984

К.Жүнісова «Зоология сабақтары»А-А, «Мектеп», 1984, 1981

Г.С.Нога «Мектеп тірі бұрышында қолда өсірілетін жануарлар», 1988

Л.А.Луцкая, А.И.Никишов «Самостоятельная работа по зоологии», 1987 ж.

П.Виниченко «Лабораторные занятии по зоологии», 1978

И.Ф.Филатов «Уроки зоологии», 1981

В.Ф.Шалаев «Методика обучения зоологии», 1979

А.А.Яхонтов «Зоология для учителя», 1975





7

Эволюциялық ілім тарауын оқыту әдістемесі.


1. Ч.Дарвиннің эволюциялық ілімі тақырыбына сабақтық жоспар құрастырып, панарамалық түрде көрсету.

2. №2 Өзгергіштікті зерттеу Зертханалық жұмысын өткізу әдістемесі.



7

1.Т.Қасымбаев.«Тіршіліктану оқулығы»А, «Мектеп»2002ж.

2.В.М.Корсунская «Уроки общей биологии»М,1970г

3.Н.М.Верзилин «Общая методика преподавания биологии» М,1972ж.

4.Л.П.Анастасова «Самостоятельные работы учащихся по общей биологии»1989г.




8

Биологияны оқытудың негізгі түрі – сабақ


1. Сабақ барысы. Сабақтын уақытын тиімді пайдалануды үйрену.

2. Сезім мүшелері. Көздің құрылысы. Алыстан және жақыннан көргіштік тақырыбына сабақ жоспар конспектісін құрып, панарамалық сабақ өткізу.



8

1.Е.П.Брунов. «Уроки по анатомии,физиологии гигиене человека» Просвещение 1968г.

2.Н.М.Верзилин «Общая методика преподавания биологии» М,1972ж.

3.А.И.Никишов «Внеклассная работа по биологии» М, Просвещение1974г

4.Зверев И.Д., Мягкова А.Н. Общая методика преподования биологии – М.;




9

«Жануартану»курсында ойын түрлерін пайдалану.


1.«Жануартану»курсы бойынша белгілі бір таңдаған тақырыптарыңызға ойын түрлерін пайдаланып сабақ өткізу

9

1.Н.М.Верзилин «Общая методика преподавания биологии» М,1972ж.

2.Л.А.Луцкая, А.И.Никишов «Самостоятельная работа по зоологии», 1987 ж.

3.А.И.Никишов «Внеклассная работа по биологии» М, Просвещение1974г

4.А.А.Яхонтов «Зоология для учителя», 1975

5.Д.И.Трайтак «Как сделать интересной внеклаассную работу по биологии» М,1978г


10

Генетика және селекция негіздері тарауын оқыту әдістемесі.


1.Тірек сигналдары арқылы оқыту технологиясы.Осы тарауда тірек сигналдары арқылы оқыту технологиясын қолдану.

2.Модульды технологияны пайдаланып сабақ конспектін дайындау.



10

1.Н.М.Верзилин «Общая методика преподавания биологии» М,1972ж.

2. «Биология,география және химия»журналдары №15 2000ж,№3 2001ж.




11

Биология сабағында тестілік тапсырмаларды қолдану әдістері.


1.Тест-тапсырмасының өсімдіктану сабағындағы орны.

2.Тест-тапсырмасының жануартану сабағындағы орны.

3.Тест-тапсырмасының тәнтану сабағындағы орны.

4.Тест-тапсырмасының тіршіліктану сабағындағы орны



10

1.А.П.Большаков «Биология занимательные факты и тесты» Изд. Санкт-Петербург 2000г

2.Н.М.Верзилин «Общая методика преподавания биологии» М,1972ж.

3.В.М.Корсунская «Уроки общей биологии»М,1970г

4.Б.Д.Комиссаров «Методологические проблемы школьного биологического образования» М,1991

5.Т.С.Сухова «Контрольные и проверочные работы по биологии» М, Изд.«Дрофа» 1997г


12

Тірі ағзалардың жеке дамуы.


1.Ағзалардың көбею формалары тақырыбына сабақтық жоспар құрастырып, панарамалық түрде көрсету.

2.Үй тапсырмасын сұрау ерекшеліктері мен оны бағалау.



11

1.Н.М.Верзилин «Общая методика преподавания биологии» М,1972ж.

2.В.М.Корсунская «Уроки общей биологии»М,1970г

3.Д.Комиссаров «Методологические проблемы школьного биологического образования» М,1991


13

Халықтық педагогика – оқу процесінде.


1.Өсімдіктану курсы бойынша халықтық педагогика элементтерін пайдаланып сабақ конспектін құру және өткізу

2.Жануартану курсы бойынша халықтық педагогика элементтерін пайдаланып сабақ конспектін құру және өткізу



12

1.В.М.Корсунская «Уроки общей биологии»М,1970г

2.Д.Комиссаров «Методологические проблемы школьного биологического образования» М,1991

3. «Биология,география және химия»журналдары №2 ,№6 1999ж,№3 2002ж.

4.Зверев И.Д., Мягкова А.Н. Общая методика преподования биологии – М.;

Просвещение 1985.


14

Биология кабинеті. Оку-тәжірибелік аймақ

1.Биология кабинеті. Ұйымдастыруы, жабдықталуы, қойылатын талаптары.

2.Оку-тәжірибелік аймақ территориясын ұйымдастыру.

3.Аймақ бөлімдері және оларды пайдалану мақсаты


14

1.Н.М.Верзилин «Общая методика преподавания биологии» М,1972ж.

2.В.М.Корсунская «Жалпы биологияны қалай оқыту керек» А, «Мектеп»1969ж.

3.А.И.Никишов «Внеклассная работа по биологии» М, Просвещение1974г

4.А.А.Яхонтов «Зоология для учителя», 1975

5.А.М. Розенштейн. Самостоятельные работы уч-ся по ботанике. М. Просвещ. 1977г.


15

Мектептің оку-тәжірибелік үлескісінің жұмысын ұйымдастыру


1.Жануарлар бөлімін ұйымдастыру және жануарлардың күтімі (ауызша)

2.Әртүрлі жануарлармен жасалатын тәжірибелер мен бақылаулар (ауызша).

3.Егістік өсімдіктермен жасалатын тәжірибелер (ауызша)

4.Гүлбақша өсімдіктерімен жасалатын тәжірибелер (ауызша)



15

1.Н.М.Верзилин «Общая методика преподавания биологии» М,1972ж.

2.Н.А.Рыков «Зоологияны оқыту методикасы»А,1953ж

3.Е.Т.Бровкин ж.б. «Зоологиря сабақтары» А-А, «Мектеп», 1984

4.К.Жүнісова «Зоология сабақтары»А-А, «Мектеп», 1984, 1981

5.Зверев И.Д., Мягкова А.Н. Общая методика преподования биологии – М.;

Просвещение 1985.





6. Лабораториялық сабақтарға әдістемелік нұсқаулар
Лабораториялық сабақ № 1

Тақырып: Мектептік 6 сынып биология оқулығын талдау.

1.6 сынып биология оқулығын талдау.

2.6 кл биология оқулығының талапқа сайлығы,мазмұнының құндылығы

Мақсаты:Жаратылыстану курсын оқыту әдістемесі бойынша пайдаланылатын .Оқу

әдістемесі пәнінің мазмұны мен құрлымына талдау жасау.Мектеп оқулығына талдау жасау.



Тапсырмалар: 1. 6 сынып биология оқулығына талдау.

Мектептік оқулық ,оқу бағдарламасына сәйкес құрылады.Оқу бағдарламасы жалпы білім беретін мектептің негізгі сатысында оқытылатын,дамыта-тәрбиелей отырып оқыту,жүйелілік,сабақтастық ұстанымдарына негізделіп жасалған және біртұтас жаратылыстану мазмұнын ашады.6сынып оқулығы 2007жылғы жаңа басылым.Курстың негізі екі өсімдіктану,жануартану бөлімін қамтиды.Бұрынғы оқулықпен 2002 жылғы салыстырғанда мазмұны күрделі,терминдік түсініктер көп,суреттер түрлі-түсті бояу мен берілген,парагроф соңында қосымша тапсырмалар,деңгейлік тапсырмалар,курсты тереңірек білгісі келетін оқушыларға арнал- ған тапсырмалар берілген.Талапқа сай білім алу үшін оқулық материалы құнды болады.

2. 6 кл биология оқулығының талапқа сайлығы,мазмұнының құндылығы.

Биологияның нақтылы бағдарламалық мазмұнын анықтауда ең алдымен:биологияның ғылым ретіндегі ұғымдар жүйесі мен теориялары және мәдениеттегі орны;оқу пәнінің ғылым модельі ретіндегі мәні ескеріле- ді.Қазіргі заманғы биологиялық танымның іргелі ұстанымдарының бірі болып табылады.Оқу бағдарламасын

да міндетті түрде оқытылуы тиіс мынадай биологиялық обьектілер қарастырылады:тірі ағзаларға тән қасиет тер;биологиялық жүйелер;тіршілік үрдістері;тірі табиғи жүйелер және ірі таксондар.

Әдістемелік нұсқаулар:Мектеп оқулығын және биологияны оқыту әдістемесіне арналған

оқулықтарды пайдалану.



Негізгі схемалар, формулалар:Оқыту әдістемесіне арналған оқулықтарды таблицаға толтыру.

Сұрақтар:1.Мектеп оқулығының мазмұны неге сәйкес болу керек.

2.Оқулықта қандай шартты белгілер көрсетілген .

3.Оқыту әдістемесі пәнәнің маңызы неде.

4.Курстың мақсаты қандай,алға қойған міндеттері .



Әдебиеттер:1.Н.М.Верзилин «Общая методика преподавания биологии» М,1972ж.

2.К.Жүнісқызы Биология оқулығы 2006ж.

3.Мектеп бағдарламсы

Лабораториялық сабақ № 2

Тақырып: Биологиялық және экологиялық ұғымдардың дамуы.

1. Ұғымның даму теориясы

2. Биологиялық және экологиялық ұғым.

3. Біліктің дамуы.

4. Ұғымның даму әдістемесі.

Мақсаты:Биологиялық және экологиялық ұғымдардың дамуы туралы түсінік қалыптастыру.

Тапсырмалар: 1. Ұғымның даму теориясы.

Оқытудың мақсаты оқушыларға жүйелі, саналы, нақты білім беру. Оқушылардың ойлауын дұрыс ұйымдастыру оқытудың ең маңызды шешуші жағдайы және білімнің ең жоғарғы сапасы. Білім ұғымнан тұрады. Ғылым негізінде қалыптасып құбылыстар мен заттардың белгілері туралы процестер және олардың өзара байланысы туралы ұғым адамға әлемді тануға көмектеседі. Ұғыммен адам ойлайды. Ой шынайы өмірді көрсетеді, білімсіздікті білімге апарады. Ұғымды алғаш сезінеді, сезінуден қабылдау туындайды, одан елестетеді. Ол әрмен қорытындыға жалғасады. Одан ұғым қалыптасады, мұғалім әрбір курста негізгі ұғымдарды көрсетіп бұл ұғымдарды әр түрлі материалдармен түрліше байланыстырып оқушылармен қайталап отырған жөн.Биология –ұғымдар жүйесіне толы пән. Барлық ұғымдар жүйесі ғылымның негізіне сүйенеді. Сондықтан мектеп биологиясының ұғымдары негізінен морфологиялық, анатомиялық, физиологиялық, экологиялық, систематикалық, филогенетикалық, цитологиялық, генетикалық, эмбриологиялық және агрономиялық болып келеді. Тәнтануда гигиеналық, медециналық ұғымдар да бар. Ұғымдар жай, күрделі, арнайы және жалпы биологиялық болып бөлінеді. Әрбір ұғым біртіндеп дамып күрделенеді.Жай ұғым-бұл бастапқы ұғымдар, білімнің бір элементі. Ол келесі жай ұғыммен бірігіп күрделі ұғым түзеді. Арнайы ұғым-ол тек бір курс көлемінде дамитын ұғым. Локальді ұғым-ол тек бір тақырыпта не бір сабақта ғана дамиды.



2. Биологиялық және экологиялық ұғым.

Білік биологиялық біліммен байланысты арнайы ұғымда анықталады өсімдік, жануар, адам туралы курстарда білік біріктіріліп келесі топқа бөлінеді:

Морфология бойынша: мүшелер формасын анықтау және талдау; систематика бойынша-өсімдіктермен жануарларды анықтау және салыстыру. Анатомия бойынша-лупа, микроскоппен жұмыс. Препарат дайындау. Физиология бойынша-тіршілік процестерін бақылау. Экология бойынша-ағзаның бейімделу түрлерін экологиялық білімін табу.Іскерлік біліктіліктің дамуы біртіндеп жүреді, жайдан күрделіге қарай оқушылар бірінші сабақта өсімдік мүшелерін анықтауды үйренсе келесі тұқымдарды даражарнақты, қос жарнақты айыра біледі, кейіннен анықтамалық кестені пайдалана отырып жапырақ формаларын анықтайды. Түйнек тамыр, сабақ, пиязшықты айыра алады. Бұл морфологиялық анықтаусыз систематикалық анықтауға көшуге болмайды. Морфологиялық ұғым және біліктілік систематикалық ұғыммен біліктілікке жалғасады. Экологиялық біліктілік бақылау тірі материалды жинау, табиғатқа топ серуенге шығу жазғы тапсырма орындаумен шектеледі.

3. Ұғымның даму әдістемесі.

Бір тақырыпта немесе сабақтағы ұғым әрмен дамымай байланыспай қалуы мүмкін. Сондықтан мұғалім ұғымының әрмен дамуына үлкен шеберлікпен жұмыстануы керек. Мұғалім ұғымның бір тақырыптан келесі тақырыпқа, бір курстан келесі курсқа қалай өтетінін білуі қажет. Ең маңызды қай кезде ұғым басталады және қортындыланады мұғалім соны білуі керек. Алғаш ұғымды шешуде табиғи объектінің маңызы зор. Табиғи көрнекіліктер мен қатар сурет, кесте қолданылады. Ұғымдардын дамуы оқушының ойының да мұнсыз жүзеге аспайды. Ал ойлау проблемадан, сұрақтан туындайды. Мұғалім оқушыға тақырып бастамастан проблемалық сұрақ қоюы өте тиімді. Мұғалім таырып ішіндегі негізгі дегендерді қарастырады. Сабақта пән аралық байланыс үлкен рөл атқарады. Оқушылар өз білімдерін басқа пәндерде қолдана білуге үйренуі керек. Сабақ ұғымның дамуын үлкен сұрақ қоюдың өзінше мәні бар.



Әдістемелік нұсқаулар:Теориялық сұрақтарға берілген оқулықтар бойынша жауап беру

керек.


Негізгі схемалар, формулалар:Биологиялық ұғымдардың дамуы графигін құру.

Сұрақтар:1.Ұғымдардың білімді қалыптастырудағы маңызы.

2.Биологиялық ұғымдарға сипаттама бер.

3.Экологиялық ұғымдарға сипаттама бер.

4.Ұымның түрлерін жіктеп айтып бер.



Әдебиеттер: 1.Н.М.Верзилин «Общая методика преподавания биологии» М,1972ж

2.Б.В.Всесвятский «Общая методика биологии» М, 1960ж.



Лабораториялық сабақ № 3

Тақырып: Биологияны оқыту процессіндегі сөздік әдістер.

1.6-шы сынып оқушыларына «Кіріспе» бөліміндегі «Тірі ағзалар» тақырыбына әңгімелесуді құрастыру.

2.«Биологиялық ғылымдар» тақырыбына әңгіме әдісін пайдаланып конспект жазу.

Мақсаты:Сөздік әдіс туралы дәріс материалы бойынша алған білімдерін одан әрі жетілдіру.

Тапсырмалар: Сөздік әдіске мына түрлер жатады: Әңгімелесу, түсіндіру, әңгіме, баяндау.

Әңгімелесу сұрақтарға оқушылар мен мұғалімдердің жауап беруі. Мақсатты әңгімелесу сұрақтан туындап, оған жауап берумен аңықталады. Әңгімелесудің нәтижесінде оқушылар мұғалімнің басшылығымен қорытынды жасап, шешімге келеді. Әңгіме оқушылардың білмейтін оқу материалынан болмау керек. Бұл бос уақыт өткізу. Әңгімелесу қорытынды, қайталау, жаңа сабақта өткен білімді жаңа біліммен байланыстыруда маңызды. Әңгіменің индуктивті құрылымы бірнеше ұқсас объектілер немесе құбылыстарды оқығанда құрылады. Егер материал оқушыға белгілі немесе түпкіліпті белгісіз болса, негізі белгілерден дәлелді, фактілерді табуда әңгіменің дедуктивті құрылымы түзіледі. Мысалы, гүлді өсімдіктердің тұқымда тұқымдасты сарамандық жұмыста әңгімелесу түрлері. Әрі қарай 3-4 тұқымдасты оқу ол дедуктивті. Яғни тақырыпты алғашқы түсіндіруде индуктивті әңгімелесу әрмен оқу материалын қорытындылауда дедуктивті әңгіме жалғасады.

Әңгіме биология сабағында құбылыстарды, процестерді, жаңалықтарды ашылу тарихын, ғалымдардың өмірін айтқанда қолданады. Ол әңгіме педагогикада сөздік, көрнекілік образға ие. Әңгімеде индуктивті болады. Фактілерді қарастырғанда, ал фактілерді қорытындылағанда дедуктивті болады. Әңгімедің түсіндіру ерекшеленеді.

Түсіндіру оқу материалының мазмұны қорытындысын айтуда, дәлелдемелерде қолданылады.

Дәріс орта сыныптарда сабақ бастына жүрмейді, 10-11 сыныптарда тіршіліктануды оқығанда сабақтын түгелімен оқу материалын түсіндірумен шектелмейді. Дәріс кезінде мұғалім оқушыдан сабақ сұрайды, үй тапсырмасын тексереді. 10-11 сыныптарда оқу материалдарының қиындығына байланысты әр түрлі сөздік әдістер қолданылады. Олар бір бірімен байланысты. Мысалы, әңгімелесу-әңгіме, әңгімелесу, дәріс, әңгіме-дәріс кезінде оқушылар сабақтың негізгі сұрағын түсіну керек.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет