Биополимерлер химиясы



бет4/5
Дата20.10.2023
өлшемі1,82 Mb.
#187214
1   2   3   4   5
Байланысты:
Биополимерлер химиясы

Ақуыздың денатурациясы
Нуклеин қышқылдары
дезоксирибонуклеин
тұқым қуалайтын ақпаратты сақтауды қамтамасыз ететін қышқылдар (ДНҚ)
генетикалық ақпаратты жүзеге асыруда негізгі рөл атқаратын рибонуклеин қышқылдары (РНҚ)
Полисахаридтер
Полисахаридтер – жоғары молекулалық көмірсулар. Олардың құрамына әр түрлі моносахаридтер, олигосахаридтер және урон қышқылдарының қалдықтары кіреді. Химиялық құрылысына байланысты екі үлкен топқа бөлінеді:
  • Гомополисахаридтер – бірдей моносахаридтер құралған (крахмал, целлюлоза, инулин, гликоген) молекулалары – пентозалардан және гексозалардан тұрады.
  • Гетерополисахаридтер – әр түрлі пентозалардан, гексозалардан, урон қышқылдары қалдықтарынан құралған. Оларға пектиндер, шайырлар, шырыштар, альгин қышқылы жатады.

Крахмал
Крахмал (С6Н10О5)n табиғатта кең тараған полисахарид. Күріште 80%-ке дейін, бидай мен жүгеріде 70—75%, картоп түйіндерінде 20% крахмал болады.
Крахмал — табиғи полимер. Ол екі полисахаридтен: амилоза мен аминопектиннен тұрады (45-сурет).
Полимерлену дәрежесі — n-нің мәні крахмалдың әр түрлі молекуласында шамамен 200-ден 2000-ға дейін болады. Крахмалдың молекулалық массасы бірнеше жүз мыңнан (амилоза) миллионға дейін (амилопектин) жетеді.
Крахмалдың макромолекуласы циклді α-глюкозаның қалдықтарынан тұрады. Крахмал түзілу процесінің сызбанұсқасы:
Крахмалдың қасиеттері
Крахмал салқын суда ерімейтін ақ түсті ұнтақ зат. Ыстық суда ісініп, коллоид ерітінді — клейстер түзеді.
Крахмалдың маңызды химиялық қасиеттерінің бірі — йодпен әрекеттескенде көк түстің пайда болуы. Оны картоптың немесе ақ нанның кесіндісіне, крахмал клейстріне йод ерітіндісін тамызып көруге болады. Бұл реакцияны тағам өнімдерінде крахмалдың бар-жоғын анықтау үшін қолданады.
Крахмал минерал қышқылдың (H2SО4) немесе ферменттердің әсерінен гидролизденіп, глюкоза түзеді:
(С6Н10О5)n + nH2O → C6H12O6 Реакция жағдайына байланысты әр түрлі аралық өнімдер түзіліп, гидролиз сатылап жүруі мүмкін:
(С6Н10О5)n → (C6Н10О5)m → xС12Н22O11 → nС6Н12O6
Макромолекуланың ыдырауы біртіндеп іске асады, әуелі ірі молекулалы қосылыс декстрин, содан кейін дисахарид мальтоза және гидролиздің соңғы өнімі глюкоза түзіледі.
Целлюлоза
Целлюлоза да крахмал сияқты табиғи полимер — полисахарид. Оның молекулалық формуласы да крахмалдікі сияқты (С6Н10О6)n.
Целлюлозаны клетчатка деп те айтады. Ол — өсімдіктер клеткасы кабықшасының негізгі кұрам бөлігі. Едәуір көп таралған биополимер. Мақта талшығында 98%-ке дейін, ағаш сүрегінде 50%-ке жуық, жасыл жапырақтарда, шөпте (10—25%) болады.
Целлюлозаның макромолекуласы циклді (3- глюкозаның қалдықтарынан тұрады, түзу құрылымды. Целлюлозаның макромолекулалары бір бағытта орналасқандықтан, талшық түзеді (зығыр, мақта, кендір, т.б.).


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет