Биосфераның тозуының негізгі факторлары (ауыл шаруашылығының, өнеркәсіптің дамуы, демографиялық жарылыс)
Орындағандар: Смаилова Әмина
Биосфераның тозуына алып келетін екі жағдай:табиғи құбылыстар нәтижесінде (жанартаудың атқылауы, су тасқыны, жер сілкінісі, цунами және т.б.) немесе адамның экономикалық белсенділігі нәтижесінде (табиғи экожүйелердің жойылуы, ластану және т. б.) табиғи орта мен адам өмірінің нашарлауы;
Табиғаттың айналымына адамдардың араласуы биосфера жағдайының қатты өзгеруіне әкеліп соқтырады. Адам және оның өндірістік қызметі дамуының нәтижесінде ол ғаламшар биосферасында болып жатқан барлық өзгерістердің негізгі геологиялық факторы болып отыр.Биосфераның ластануы – адамның іс-әрекетінің нәтижесінде биосферада зиянды заттар мөлшерінің көбеюі, жаңа химиялық қосылыстардың пайда болуы, температураның көтерілуінен климаттың өзгеруі. Негізгі себептері: өнеркәсіптің (энергетика, транспорт, т.б.) тез қарқынмен дамуы, ауыл шаруашылығы мен күнделікті тұрмыста химиялық жетістіктерін кеңінен пайдалану, халық санының өсуі және урбанизациялану (қалалардын өсуі).
Биосфераның ластануы.
2
энергетика лық ластану (Шу, жылу, жарық, радиациялық, электромагнитт ік)
3
деструкти вті ластану (ормандарды кесу, Топырақ эрозиясы, жерді құрғату, урбанизация және басқалар)
4
биоценотик алық ластану тірі организмдер популяцияларыны ң құрамына, құрылымына әсер ету.
1
Ингредиент тік ластану (биосфераға бөтен элементтердің түсуі: газ тәрізді, сұйық, қатты) .
Кен қазындыларын өндіру кезінде жер қойнауынан жылына 100 млрд. тонна тау жыныстары алынады. Оның 10%-і ғана іске асады да, 90%-і жарамсыз қалдықтарға айналып жер бетін ластайды. Жыл сайын шартты түрдегі 1 млрд. тонна отын жағылады,
атмосфераға 20 млрд. тонна СО2, 300 млн. тонна СО, 50 млн. тонна N0, 150 млн. тонна S02,
5 млн. тонна Н2 S, 400 млн.т-ға жуық күл, түтін, шаң-тозаң түседі. Ал гидросфераны 600 млрд. тоннадай өндірістік және тұрмыстық ағын сулар ластайды. Мұнай өндіру және мұнай өнімдерін тасымалдау кезінде әлемдік мұхитқа 10 млн. т-ға жуық мұнай өнімдері төгіледі. Бұл ондағы тіршілікке үлкен зиян келтіреді. Жыл сайын топыраққа 100 млн. тоннадай минералды тыңайтқыштар сіңіріледі. Биосферада жыл сайын түзілетін жүздеген мың тонна әр түрлі жаңа химиялық қосылыстардың көпшілігі биологиялық және физиологиялық жолмен ыдырамайды.
Биосферада ыдырамайтын заттардың шамадан артық жинақталуынан (мыс. пестицидтер,
полисферы, хлордифенилдер, т.б.) және табиғи ыдырау механизмдері немесе сіңіру қабілеті бар заттардың әсерінен (тыңайтқыштар, ауыр металдар, т.б.) табиғи жүйелер мен олардың биосферадағы байланыстары бұзылады. Биосферадағы зат айналымына бірнеше млн. тонна хлорорганикалық қосылыстарды енгізу, бір жағынан, жануарлардың (әсіресе, балықтар мен кұстардың) көптеген түрлерінің жойылуына, ежелден калыптаскан тропикалық тізбектердің түзілуіне, соның нәтижесінде биоценоздардың бұзылуына әкелсе, екінші жағынан, ұсақ жәндіктер мен микроорганизмдердің (космополит организмдердің) шамадан тыс көбеюіне соқтырды. Ағаш және қазба отындарды (тас көмір, мұнай) негізгі қуат көзі ретінде пайдадану атмосфераның зиянды газдармен және шаң-тозаңмен ластануының басты көзі болып табылады.
Азот тотықтары мен күкірттің
сумен қосылыстары «қышқылды жаңбыр» жаудырып, биосфераға орасан зор қауіп төндіруде. Биосфераны ластануының тағы бір қауіпті де қатерлі көзі – коршаған ортада радиоактивті қалдыктардың жинақталуы және АЭС апаттары.
Соңғы жылдары атмосферадағы қорғаныштық рөл атқаратын озон қабаты жұкарып кейбір аймақтарда (мыс., полюстерде) «озон ойықтары» пайда бола бастады. Олардың пайда болуына өндірістерден бөлінетін М, С, Рb, Мn, С1, Р, Вr оксидтері мен ғарыш кемелерін ұшыру әсер етеді. Әсіресе, метан, этан, пропанның хлорлы жәнс фторлы туынлыларын (фреондар) өнеркәсіпте кенінен пайдалану –
озон қабатының жұқара түсуіне
үлкен әсерін тигізіп отыр.