Кіріспе
Биостатистиканың ғылыми бағыты ................................................ 3
1. Сипаттамалық статистика
1.1. Негізгі түсініктері ............................................................. 4
1.2. Кездейсоқ шамалардың берілу тәсілдері..............................5
1.3. Кездейсоқ шамалардың таралу заңы. ................................10
1.4. Қалыпты таралған жиынтықтың нүктелік және аралық
бағалары ................................................................................ 14
1.5. Қалыптыға сәйкес емес таралу және оның сипаттамалары
.............................................................................................. 16
2. Аналитикалық статистика
2.1.
Статистикалық
жорамалдарды
тексеру
теориясының
негіздері....................................................................................19
2.2. Статистикалық жорамалдарды тексерудің параметрлік
критерийлері ......... ............... .............................................................24
2.3. Статистикалық жорамалдарды тексерудің параметрлік емес
критерилері .. ............................... ...................................................... 33
2.4. Сапалық белгілерді талдау ............................................... 41
2.5. Дисперсиялық талдау. ....................................................... 56
3. Корреляциялық-регрессиялық талдау
3.1. Корреляциялық талдау .....................................................66
3.2. Сызықтық регрессия ........................................................ 83
4. Эпидемиологиялық талдаулардағы статистикалық әдістер ...... 91
5. Тест тапсырмалары ....................................................................... 96
6. Қосымшалар ................................................................................. 112
7. Әдебиеттер тізімі ......................................................................... 123
Кіріспе.
Бүгінгі таңда дәлелді медицинаның қоғамда үлкен орны
бар. Сондықтан медицина мен денсаулық сақтауда статистиканы
қолдану
қажеттілігі
бар.
Медицинада
қолданылатын
математикалық статистика әдістері кездейсоқ оқиғалардың
заңдылығын айқындауға, дәлелденген негізде жорамалдар мен
қорытындылар жасауға мүмкіндік туғызады.
Медико-биологиялық
жиынтықтарды
зерттеуде
математикалық статистика әдістерін қолдану маңызды болып
отыр. Медико–биологиялық зерттеулерде статистиканы қолдану
биостатистика деп аталады.
Табиғаты ортақ - экологиялық, генетикалық, цитологиялық,
микробиологиялық
және
радиобиологиялық
зерттеулерде
статистикалық әдістерді қолдану өте маңызды, себебі, мұндай
жиынтықтағы
оқиғалардың
іс
жүзіне
асырылуы
ықтималдықтармен бағаланады, ал оларды талдау статистикалық
әдістерді қолдануды талап етеді.
Жоғары оқу орнын аяқтаған медицина маманы өз
мамандығы бойынша білім, білік, дағдыларды меңгеріп ғана емес,
ғылыми зерттеу жұмысын да орындай білуі керек.