Алайда Биометрияны ғылыми пән қылып дамытқан математик Карл Пирсон (1857—1936). 1884 жылы Пирсон Лондон университетінде Гальтонмен және оның жұмысымен танысады
Алайда Биометрияны ғылыми пән қылып дамытқан математик Карл Пирсон (1857—1936). 1884 жылы Пирсон Лондон университетінде Гальтонмен және оның жұмысымен танысады.
Алайда Биометрияны ғылыми пән қылып дамытқан математик Карл Пирсон (1857—1936). 1884 жылы Пирсон Лондон университетінде Гальтонмен және оның жұмысымен танысады.
1893 жылы Пирсон орташа квадраттық ауытқу және вариация коэфициентін енгізген болатын. Сонымен қатар 1898 жылы регрессия негіздерін, 1905 жылы сызықтық емес корреляция және регрессия негіздерін енгізді.
Рональд Фишер (1890—1962)
Биометрияның дамуының келесі кезеңі ағылшын статисті Рональд Фишердің атымен байланысты. Фишер Кембридж университетінде оқып жүрген кезінде Мендельдің, Пирсонның еңбектерімен танысады. Ол таңдаманың үлестірім теориясын, дисперсиялық және дискриминантты талдау әдістерін және т.б. қолданбалы статистика және математикалық генетика негізін құрайтын көптеген әдістерді енгізген болатын.
Биометрикалық зерттеулер және дәлелді биомедицинаның заманауи тұжырымдамасы
Дәлелді медицинаның даму кезеңінде медицина мен биология салаларында статистиканы қолдану қажеттілігі туындады. Медицинада қолданылатын математикалық статистика әдістерінің қолайлы қоры кездейсоқ оқиғалар ағынының заңдылығын ашуға, дәлелденген негізде қорытындылар мен жорамалдар жасауға мүмкіндік береді.
Медициналық-биологиялық құбылыстарды зерттеудегі биостатистиканың мәні
Статистикалық көрсеткіштерді түсіне білу диагностикалық, емдік және болжамдық шешімдерді қабылдауға, лабораториялық және медициналық аспаптарымен зертеудің қорытындысын шығаруға, оған клиникалық баға беруге көмектеседі.
Статистиканың негізін білу жоспарлауға, өзгерістерді саралауға және бағалауға арналған зерттеулерді жүргізуге, тұрғындардың денсаулығы және денсаулықты сақтау жұмысындағы өзгерістердің бағытын анықтауға, ғылыми зерттеулерді жүргізуге қажет.