Биотехнология ғылым ретінде қалыптасуы, оның зерттеу объектісі, мақсаты, міндеттері Биотехнология


Биотехнология ғылымының жедел дамуы қай кезеңдерден басталады, оған не әсер етті?



бет25/71
Дата26.12.2021
өлшемі235,07 Kb.
#128702
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   71
Байланысты:
Биотехнология сессия
Лекция 10, Конспект лекция
Биотехнология ғылымының жедел дамуы қай кезеңдерден басталады, оған не әсер етті?

Биотехнологияның негізі ежелгі заманнан бастау алған. Биотехнологияның қалыптасу тарихы негізгі бес кезеңге бөлінеді:

1. Пастер эрасына дейінгі (1865 жылға дейін). Бұл кезеңде биотехнологиялық тəсілмен шарап, сыра, нан, айран, қатық, əртүрлі ферменттелген тағамдар алынған.

2. Пастер эрасы (1865-1940жж). Продуцент-микроағзалар белгілі болып этанол, бутанол, ацетон, глицерин, лимон қышқылы, көптеген вакциналардың өндірісін жүргізу жəне ағынды суларды аэробты микроағзалар арқылы биологиялық тазарту процестерін ұйымдастыру мүмкіндігі туды.

3. Антибиотиктер эрасы (1940-1960 жж). Пеницилин, стрептомицин ж.т.б. антибиотиктер табылды. Жануарлардың жасушаларын культивациялау технологиясы жасалды, вирустық вакциналар алынды жəне стероидты гормондар биотрансформациясының технологиясы ашылды.

4. Постантибиотикалық эра (1960-1975 жж). Аминоқышқылдардың, микробиологиялық ақуызды мұнай парафиндерінен алу, кір жуатын ұнтақтарда пайдаланылатын ферменттердің технологиялары ашылды. Глюко-жемістік сироптарды алу үшін ферменттерді иммобилизациялау технологиясы жасалды. Ағынды суларды аэробты өңдеуге биогаз алу арқылы қатты қалдықтарды анаэробты өңдеу қосылды. Полисахаридтерді алудың микробиологиялық тəсілі ашылды. В2 жəне В12 дəрумендерін, сонымен қатар еттің орнын баса алатын мицелалды микроскопиялық саңырауқұлақтың - микропротеинінінің микро-биологиялық алыну тəсілі ашылды.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   71




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет