Биотехнология ғылым ретінде қалыптасуы, оның зерттеу объектісі, мақсаты, міндеттері Биотехнология


Жасушаларды өсірудің негізгі бағыттары



бет22/71
Дата26.12.2021
өлшемі235,07 Kb.
#128702
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   71
Байланысты:
Биотехнология сессия

23. Жасушаларды өсірудің негізгі бағыттары

Жасушаларды in vitro жағдайында өсірген кезде олардың өсуі мен биосинтездеріне өсіретін жүйелердің техникалық көрсеткіштерінің маңызы зор. Өсімдіктердің қосымша заттарының биотехнология өндірісі көбінесе сұйық ортада өсетін жасушаларға негізделген. Лаборатория жағдайында қосымша метаболизмді зерттеген кезде жасушалар әдеттегідей колбаларда кішігірім көлемде (40-200 мл) өсіріледі және айналмалы тербеушілерде араластырылады. Колбалардың айналу жылдамдығы (әдетінше минутына 90-120 айналым) жасушалардың өсуіне және метаболиттердің жинақталуына әсер етеді.Жасушалардың өсуіне басқа газдар да әсер етеді. Мысалы, көмірқышқыл газы өсудегі лаг-фазаның ұзақтығына ықпал етеді. Өте күшті аэрация да теріс әсер етуі мүмкін, себебі көмірқышқыл газы мен ұшқыш қосылыстар айдалып әкетіледі. Өсімдік жасушалардың in vitro жағдайында микроорганизмдермен салыстырғанда тыныс алудың қарқындылығы едәуір төмен, оларды өсіретін ыдыстарды дайындағанда бұл ескеретін жағдай.

Жасушаларды әр түрлі ферментерлерде өсіріп, олардың өсуі салыстырылған. Мысалы, лимонжапырақты моринда жасушаларын өсіргенде, антрахинон 30 % артық болған. Ал басқа түрлі ферментерлермен салыстырғанда тіпті екі есе артық болған.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   71




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет