Биотехнология ғылым ретінде қалыптасуы, оның зерттеу объектісі, мақсаты, міндеттері Биотехнология


 Химиялық пестицитттерге және минералды тыңайтқыштарға биологиялық алтернатива



бет39/71
Дата26.12.2021
өлшемі235,07 Kb.
#128702
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   71
Байланысты:
Биотехнология сессия

41. Химиялық пестицитттерге және минералды тыңайтқыштарға биологиялық алтернатива

Пестицидтер (латын сөздерінен pestis – жұқпалы ауру, caedo - өлтіремін) –  зиянкестерден, паразиттерден, арамшөптерден, аурулардан және микроорганизмдерден қорғау үшін қолданатын барлық химиялық қосылыстар. Пестицидтерді пайдалану ауылшаруашылық өнімдерін 18-20% сақтайды. Қазіргі кезде оларды көп қолданатын болғандықтан биосфера мен адамдарға зияны тиіп жатыр. Оларды пайдаланбай өнім алуға мүмкіндік жоқ, себебі зиянкестер өте көбейіп кетті. Бунақденелілер пестицидтердің бір түріне тез бейімделетін және ол қасиетін ұрпағына бере алатын қабілеті бар. Сондықтан пестицидтерді қолданарда зиянкестердің түріне қарай таңдап алу керек.

Химиялық құрамы жағынан пестицидтер 5 класқа топтастырылады:

хлорорганикалық қосылыстар – гексахлоран, ДДТ (дуст) гексахлорциклогексан, полихлорпинен, полихлоркамфен т.б. Олар организмде жинала алады да, ыдырауы бірнеше ондаған жылдарға созылады.

Фосфорорганикалық инсектицидтер – карбофос, дихлофос, диазинон, фосфамид, метафос, амофос, өсімдіктің өсуін реттегіштер және т.б. Бұлар топырықта және басқа ортада тезірек ыдырайды.

Карбаматты инсектицидтер – карбамин қышқылының күрделі эфирлері (севин). 

Хлорфеноксиқышқыл туындыллары – дефолиант ретінде су қоймаларында өсетін өсімдіктерді жою үшін қолданады.

Пиретроидты табиғаты бар пестицидтер – транс-хризантема қышқылы. Бұл инсектицидтердің жаңа түрі, оны табиғи материалдардан бөліп алған.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   71




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет