Генотип- бұлдене құрылысына жауап беретін және оған тұқым қуалайтын белгілер беретін генетикалық ақпарат жиынтығы. Басқаша айтқанда, генотип - бұл организмнің генетикалық коды, ол ДНҚ немесе РНҚ сияқты генетикалық деректер түрінде болады деп айтуға болады.
Дисульфидті байланыс Дисульфидті көпірлер немесе дисульфидті байланыс – құрамында күкірті бар амин қышқылы цистеинінің екі қалдығының құрамына кіретін екі күкірт атомы (—S — S—) арасындағы коваленттік байланыс. Дисульфидтік байланыс түзетін аминқышқылдары ақуыздың бір немесе әртүрлі полипептидтік тізбегінде орналасуы мүмкін.
Митоз- 4 фазадан тұрады. Митоз көп жасушалы ағзалар жасушарының көбеюінің негізгі жолы болып табылады.
Мутагендер — физикалық және химиялық мутагендердің көмегімен мутациялардыжасанды жолмен алу әдісі. Бұл әдіс экспериментті генетикада жиі қолданылады.
Плазмида – (ағылш. plasmids) - хромосомалардан физикалық оқшауланған және автономды репликацияға қабілетті кішкентай ДНҚ молекулалары. Плазмидтер негізінен бактерияларда, сондай-ақ кейбір археялар мен эукариоттарда (саңырауқұлақтар мен жоғары өсімдіктер) кездеседі. Көбінесе плазмидтер екі тізбекті сақиналы молекулалар болып табылады. Көбею қабілетіне қарамастан, плазмидтер, вирустар сияқты, тірі организмдер ретінде қарастырылмайды.