Биотехнология ғылым ретінде қалыптасуы, оның зерттеу объектісі, мақсаты, міндеттері Биотехнология


Мал азығын дайындауда биотехнология жетістіктерін пайдалану



бет64/71
Дата26.12.2021
өлшемі235,07 Kb.
#128702
1   ...   60   61   62   63   64   65   66   67   ...   71
Байланысты:
Биотехнология сессия

66. Мал азығын дайындауда биотехнология жетістіктерін пайдалану.

Силостеу  мақсатында  тиімді  малазықтық  заттарын, мысалы  жүгеріні пайдалануға  болады. Силосты  барлық  мал  түрлерін, əсіресе  ірі  қара  малын азықтандырғанда кеңінен қолданады. Көптеген түйнекті жəне бақша өсімдіктерімен салыстырғанда, силос құрамы каротинге бай келеді. Сиырлардың 100 кг салмағына есептеп, 8 кг силос беруге болады. Силостың  негізгі  құндылығы  қатарына  оның  құрамындағы  қоректік заттарының  салыстырмалы  түрде  жақсы  сақталатынын (силостағанда 15-21% ғана жоғалтылса, шөпте ол 30% жетеді) жəне дайындау жұмыстарының қандай болмасын ауа-райы  ерекшеліктеріне  қарамай  жүргізілетіндіктерін  айтуға  болады. Силостеу барысында  оның  құрамындағы  ақуыз  мөлшерін  арттыру  мақсатында, бұршақ тұқымдас (жоңышқа, бұршақ, маш  жəне  басқалар) өсімдіктерін, жақсылап ұсақталған  жүгерінің  жасыл  массасымен  араластырып  силостайды Атмосфералық  ауа  құрамында  көптеген  микроорганизмдер  боладыЖақсы тығыздалмаған  силостық  өсімдіктер  арасында  ауамен  бірге  қалы қойған  осы микроорганизмдер, ақуыздардың  шіріп-сасуы  мен  майларды  ыдырауға  ұшыратып, силостың бұзылуына алып келеді. Сондықтан шаруашылық үшін маңызды екі қорытынды жасауға болады: 1. Силостеуге  құрамында  оңай  ашитын  көміртектік  заттарға  бай  жүгері, күнбағыс, ақ жүгері (құмық) сияқты өсімдіктерді пайдаланған абзал. 2. Силостеу  үдерісінің  жақсы  өтуін  қамтамасыз  ету  үшін, силостелетін өсімдіктер  массасын  жақсылап  нығыздау  арқылы, оның  арасындағы оттегілерінен мейлінше ада қылу керек.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   60   61   62   63   64   65   66   67   ...   71




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет