Анаболизм (синтез реакциясы). Анаболизм процесі кезінде катаболизм реакциясының нәтижесінде түзілген заттар, атап айтқанда аминқышқылдары, моносахаридтер, май қышқылдары мен азотты негіздер және АТФ пен НАДФ*Н энергиясы жұмсалып әр түрлі макромолекула синтезделеді. Анаболизм – организмнің тіршілігін жойғанға дейін үздіксіз жүретін күрделі процесс.
Зат алмасудың сатылары.
Зат алмасудың алғашқы сатысында – қоректік зат ас қорыту мүшелерінде ферменттердің көмегімен тотыға отырып, ыдырайды (катаболизм). Екінші сатысында – ыдыраудың нәтижесінде пайда болған қарапайым заттар қанға сіңіріліп, организмдегі жасушаларға таралады. Үшінші сатысы – аралық алмасу жасушаларда жүреді. Бұл сатыда организмді жаңартуға қажетті жасушаларды түзетін энергиясы мол құрылыс материалдары синтезделеді (анаболизм). Сонымен қатар ыдырау және тотығу реакцияларының нәтижесінде аралық және соңғы өнімдер түзіледі. Төртінші сатысында – ыдырау өнімдері сыртқа шығарылады, яғни зат алмасудың соңғы өнімдері – СО2, Н2О, NH3 және т.б. заттар организмнен шығарылады.
Достарыңызбен бөлісу: |