жүйеден өтіп, тұтынушыларға (қазандықтар мен электрогенера-
торлар) беріледі. Реакторға ауа жіберілмейді, себебі биогаз алу
процесі анаэробты жағдайларда іске асады. Кейбір шикі заттар-
дың ашуына арнайы екі сатылы технология қажет. Мысалы, құс
саңғырығы мен спирт бардасынан кәдімгі реакторда биогаз алу
мүмкіндігі болмайды. Мүндай шикі заттарды өндеу үшін қосым-
ша гидролиз реакторы қажет. Мүндай реактор орта қышқылдык
деңгейін бақылап, ондағы бактериялардың күшті қышқыл немесе
күшті сілтіден қырылып қалуынан сақтайды.
Биогаз өндірісте электр энергия, жылу немесе бу және авто-
көліктерге жанар-жағар май ретінде қолданылады. Биогаз қондыр-
ғыларын фермалардың, қүс фабрикалардың, спирт және қант зау-
ыттарының, ет комбинаттарының жанынан арнайы тазарткыш
жабдықтар ретінде салуға болады. Биогаз қондырғылары ветери-
нарлық-санитарлық зауыттарды алмастыра алады, яғни өлексе-
лерден ет және сүйек үнын өндірудің орнына биогаз өндіруге
пайдалануға болады. Ауыл шаруашылыгы өндірісінде, егін шаруа-
шылыгында органикалық тыңайтқыштардың үнемі жетіспеушілігі,
мал шаруашылығындағы фермаларда мал қалдықтардың болуы
биогазды өндіру үшін шикізаттың мәселесін, ал өңделген шикізат
тыңайтқьшітардың жетіспеушілігін, қалдықтар мәселелерін шешіп
электр энергиясымен қамтамасыз ете алады.
Өндірісі дамыған елдердің ішінде Данияньщ жалпы энергоба-
лансының 18% жуығы биогаз өндірісі үлесіне тиеді. Биогаз
өндіретін ірі қондырғыларды пайдалану жағьгаан жетекші орын
алатын ел - Германия. Биогаз қондырғылары Қытайда көп тарал-
ған, онда бір жылда 7 млрд. м
3
жуық биогаз өндіріледі, бүл 60
млн. шаруаны жылумен қамтамасыз етеді. Швейцария биогазбен
жүретін автобустарды жасап шығарады.
Достарыңызбен бөлісу: