«Сөйлеуді дамыту
Тақырыбы:«Жақсы мен жаман»
Ертегіні тыңдай отырып, ертегінің мазмұнын түсінуге баулу. Ертегіні өз түсініктері бойынша әңгімелеп беруге баулу. Бойларында адамгершілік қасиетті қалыптастыру. Сөз қорларын байыта отырып, сөйлеу тілдерін дамыту.
|
Дене шынықтыру
«Ұзындыққа секіру».
Қос аяқтап ұзындыққа секіруге үйрету, бұйрықты тыңдай отырып, орындауға баулу. Тапсырманы орындауда тепе – теңдік сақтауға үйрету.
|
Музыка
Тақырыбы:«Біздің оркестр »
Мақсаты: Балалар аспаптарының дыбысталуын ажыратуға, бірдей қарқында ән салуға үйрету.
|
Мүсіндеу
Тақырыбы:«Қонжыққа арналған жидектер»
Мақсаты: Мүсіндеуге байланысты ермексазды бөліктерге бөлу, алақанға салып мыжу, шиыршықтау, шелпек, домалақ жасау қарапайым тәсілдерін үйрету арқылы жидектер жасату. Өз еңбектерін бағалай білуге баулу.
|
Серуенге дайындық:
|
9.30-10.00
|
Киіну: серуенге шығу.
|
Серуен
|
10.00-11.30
|
Су ваннасы. Су ваннасын қабылдап майтабанның алдын алу, аяқтарына массаж жасау. Жуындырып кеуде, іш, арқа дене мүшелерін ысқылау.
Ауа ваннасы. Дене шынықтыру іс – әрекетін таза ауда өткізу. Қимылды ойындар өткізу арқылы қабылдау. Тыныс алу жаттығуларын таза ауада жасау.
Күн ваннасы. Балалардың басына күн қағар кигізіп, құмда төсеніш үстінде қабылдау.
|
Серуеннен оралу
|
11.30-12.00
|
Балалардың реттілікпен киімдерін шешуі, дербес ойын әрекеті
|
Түскі ас
|
12.00-12.30
|
Балалардың назарын тағамға аудару ; мәдениетті тамақтануға баулу бойынша жеке жұмыс; әдеп ережесі.
|
Түскі ұйқы
|
12.30-15.10
|
Балалардың тыныш ұйықтауына жағымды жағдай орнату.
|
Біртіндеп ұйқыдан ояту, ауа, су шаралары
|
15.10-15.40
|
Баларға әр түрлі қимылда жаттығулар жасату, шынықтыру жұмыстарын жүргізу
Ойын- жаттығу :
Сылдырлайды мөлдір су,
Мөлдір суға қолыңды жу.
Жуынсаң сен әрдайым,
Таза бетің, маңдайың.
|
Бесін ас
|
15.40-16.10
|
Балалардың назарын тағамға аудару ; мәдениетті тамақтануға баулу бойынша жеке жұмыс
|
Ойындар, дербес әрекет
Баланың жеке даму картасына сәйкес жеке жұмыс
|
16.00-17.00
|
Ойын:
«Танып ал да, атын ата»
Мақсаты: заттың түр-түсін, пішінін, атын атауға жаттықтыру; сөздік қорын молайту; ойлау қабілетін дамыту.
|
|