АСҚАЗАН және ҰЛТАБАРДЫҢ ОЙЫҚ ЖАРАЛЫ АУРУ
Бір дұрыс жауапты дөңгелекпен қоршаңыз.
2 – ВАРИАНТ
1. Асқазан ойық жарасының ең жиі кездесетін себебі :
а) алиментарлық фактор с) белгісіз
в) вирус д) Helicobacter pylory
е) стафилококк
2. Асқазан ойық жарасына тән клиникалық белгілері :
а) эпигастрий аумағы белді айналып ауырады
в) эпигастрий аумағы 30-40 мин соң тамақтан кейін ауырады
с) эпигастрий аумағы 3-4 сағ. соң тамақтан кейін ауырады
д) түнде және аш қарынға ауырады
е) ауырсыну болмайды
3. Қай тексеру әдісі асқазан жарасының диагностикалық маңызды мәлімет
береді ?
а) асқазан сөлін тексеру
в) фиброгастроскопия
с) асқазаның рентгеноскопиясы
д) ультрадыбыстық тексеру әдісі
е) колоноскопия
4. Асқазан және 12 – ішек жарасында сөл бөлу қабілеті :
а) көбейеді в) төмендейді
с) өзгермейді д) қалыпты болады
е) сөл шығарылмайды
5. 12- елі ішектің жарасында ішектің қызметі қалай өзгереді ?
а) іш қатпасы болады
в) іші өтеді
с) нәжісі қой құмалағы тәріздес болады
д) майлы, жаман иісті болады
е) өзгеріссіз
6. Асқазанның ойық жарасына тән клиникалық белгілері :
а) эпигастрий аумағы белді айналып ауырады
в) эпигастрий аумағы 30-40 мин соң тамақтан кейін ауырады
с) эпигастрий аумағы 3-4сағ соң тамақтан кейін ауырады
д) түнде және аш қарынға ауырады
е) ауырсыну пайда болуы тамаққа байланыс емес
7. 12 –елі ішектің ойық жарасында негізгі рентгенологиялық белгісі :
а) бұлтиып шығып тұрғаны («ниша») көрінеді
в) 12 елі ішектің деформациясы болады
с) қалтқының / пилорустың / спазмы
д) өт қабының деформациясы
е) білмеймін
8. Асқазаннан қан кеткенде ауырсыну белгісі қалай өзгереді ?
а) күшейеді
в) тұрақты болады
с) ауырсыну болмайды
д) ауырсыну азаяды
е) өзгермейді
9. Асқазаннан қан кеткенде дәрігерге дейінгі көмек .
а) тазарту клизмасын жасау
в) ішке жылытқышты қою
с) ішке мұзды торсықты қою
д) асқазан жуу
е) жел шығаратын түтікшені енгізу
10. Қан тоқтататын дәрілерді атаңыз ?
а) гепарин, неодикумарин
в) викасол, кальций хлорид
с) фестал, мезим – форте
д) ранитидин, ранисан
е) трихопол, оксациллин
11. Асқазан жарасының перфорациясындағы ауырсыну :
а) тұрақты ауырады
в) сыздап ауырады
с) ауырсыну әр кезде пайда болады
д) пышақ сұққандай болып ауырады
е) ауырмайды
12. Асқазан жарасының перфорациясындағы емі :
а) симптоматикалық ем с) физиотерапиялық ем
в) хирургиялық ем д) фитотерапиялық
е) сәулемен емдеу
13. Пенетрацияның белгісі :
а) аш қарынға ауырсынудың күшеюі
в) түнгі ауырсыну д) кекірік
с) қыжыл мазалайды е) тұрақты ауырады
14. Асқазан және 12-елі ішектің ойық жарасында қолданатын жаңа препарат-
ты атаңыз ?
а) фестал с) контролок
в) плестал д) карсил е) гептрал
15. Антацидтерге қай дәрі-дәрмек жатды ?
а) күкірт қышқыл магний
в) викаир
с) хлорлы кальций
д) витогепат
е) ранитидин
Достарыңызбен бөлісу: |