АСҚАЗАН ҚАТЕРЛІ ІСІГІ.
Бір дұрыс жауапты дөңгелекпен қоршаңыз.
1. Асқазан қатерлі ісігіне бейімдеуші ауру :
а) панкреатит
в) холецистит
с) колит
д) геморрой
е) ахилиялық гастрит
2. Асқазан қатерлі ісігінің клиникалық белгілері :
а) эпигастрий аумағы белді айналып ауырады
в) эпигастрий аумағы 1-2 сағ соң тамақтан кейін ауырады,
қыжыл мазалайды
с) эпигастрий аумағы тұрақты ауырады,
науқас тез арада арықтайды
д) эпигастрий аумағы 3-6 с соң тамақтан кейін ауырады
е) оң қабырға асты ауырады, ауызына запыран дәмі келеді
3. Асқазан қатерлі ісігіне асқынуы мүмкін :
а) созылмалы гастрит
в) асқазанның ойық жарасы
с) созылмалы гепатит
д) жедел гастрит
е) эзофагит
4. Асқазан қатерлі ісігінің емінде қолдануға болмайды :
а) хирургиялық ем
в) симптоматикалық ем
с) химиотерапия
д) физиотерапия
е) сәулемен емдеу
5. Асқазан қатерлі ісігінің диагностикасында маңызды мәлімет береді :
а) ирригоскопия
в) фиброгастродуоденоскопия және биопсия
с) ультрадыбыспен тексеру
д) колоноскопия
е) холецистография
6. Асқазан рагі науқастарымен қарым қатынаста қандай
мәселелерге назар аудару керек ?
а) аурудың профилактикасына
в) диета сақтау қажеттілігіне
с) этика-деонтология ережелеріне
д) темекі шекпеу
е) ішімдік (алкоголь) ішпеу
7. Асқазан қатерлі ісігінің емі :
а) зәр айдайтын препараттар
в) бронхолитиктер
с) физиотерапия
д) жүрек гликозидтері
е) сәулемен емдеу
8. Асқазан қатерлі ісігінің асқынуларына біреуінен басқа жатады … а) қан кету
в) малигнизация
с) перфорация
д) пенетрация
е) анафилактикалық шок
9. Асқазан катерлі ісігінің емінде қолданылатын препараттар ?:
а) гептрал, гепабене, карсил
в) индометацин, бруфен
с) алоэ, ФИБС, стекловидное тело
д) мукалтин, бронхолитин
е) циклофосфан, 5- фторурацил
10. Асқазан қатерлі ісігінде тағайындалатын диета №….:
а) 7 в) 15 с) 10 д) 1 е) 5
Достарыңызбен бөлісу: |