4 – бөлім
Мектепте өткен тәжірибеден кейін мен өзімнің бойымнан тек өзім үшін ғана емес тәлім алушым үшін де өзгеруім қажет екенін ұғындым.Тәлім алушыма әдістемелік көмек көрсету үшін үнемі өзім де ізденуім қажет деп білемін.
Тәлім алушымның әр өткен сабағынан кейін талдау жасай отырып,оның ұтымды тұстары мен сәтсіз жақтарын сарлай отырып, топқа бөлуде басқа бір тәсілмен бөлгенін байқадым,сөйтсем бұл жағдайдың өзіндік себебі бар екен ,әлсіз балалар мен мықты балаларды араластырып отырғызып ,нәтижесінде дүниетану сабағы кезіндегі топта талқылау оң нәтиже берді.
Осы бағдарлама оқуына сәйкес болашақта тәлім алушыммен ұзақ та қарынды жұмыс істеймін. Тәжірибе уақытының тапшылығына байланысты «Сын тұрғысынан ойлау», «Талантты және дарынды балаларды оқыту», «Оқытуды басқару және көшбасшылық» модулдеріндегі әдіс –тәсілдерге өз дәрежесінде көңіл бөле алмағандықтан, осы тұстарды жетілдіруге бар білімім мен тәжірибемді , нақты теорияға сүйене отырып , саламын.
Тәлім алушының сабақтан кейінгі алынған сауалнамаға жазған жауабы:
Өзіңіздің тәлімгеріңізбен қарым-қатынасыңызды қалай сипаттайсыз?
Менің тәлімгеріммен қарым –қатынасым өте жақсы. Тәлімгерім мектебіміздегі ұстаздардың ішінде үлгі тұтарлық беделді ұстаз десем де артық болмас.Тәлімгерімнен көп нәрсе үйренгім келеді
Тәлімгерлік кезінде қандай жетістікке жетем деп ойладыңыз?
-Мен тәлімгерімнен критериалды бағалау түрін үйрендім. Бұл тәсіл маған өте ұнады.Үй жұмысын тексергенде оқушылар өз-өздерін ,яғни бір -бірін бағалады.Олар ұшін бұл өте қызық болды. Мен тақтаға бағалау критерийлерін жазып қойдым . Балалар соған қарап бағалап балл қойды.
.Ал,мен сол балға қарап отырып бағаладым. Бірінші кезде балалар үйренбеген ,жаттықпаған қиынға соқты.Біраз уақыт жұмсады.Ал кейінгі сабақта жылдамырақ қимылдады,біршама жиналды.
3) Тәлімгеріңіздің қандай тапсырмалары анағұрлым пайдалы болды?
--Тәлімгерімнің маған берген тапсырмасында сабақты топқа бөліп өту анағұрлым пайдалы болды.
Топқа бөлу оқушыларға қызықты болды ,сабақтың қалай өтіп кеткенін де байқамай қалды. Топтық жұмыста оқушылардың барлығы дерлік сөйледі.
Топтық жұмыс оқушылардың бірігіп жұмыс істеуіне ,ұйымшылдыққа,пікірлесуге ықпалы зор екен.Тапсырманың барлығы түгел орындалды. Үлгерімі төмен ,сабаққа көп араласпай отыратын оқушыларға тиімді тәсіл екен. Сергіту сәті де көңілді ерекше болды.Музыкамен билеп ,жаттығу жасаған оқушыларға өте ұнады.Оқушыларды еркіндікке тәрбиелейді Топтық жұмыста оқушыларға еркіндік берген соң өз ойларын ашық, еркін сөйлейді екен.
Бірінші сабқта топтық жұмыс қиынға түсті ,оқушыларда үйренбеген еді. Бірін бірі тыңдамай әрқайсысы өз жұмыстарымен болды.
Екінші сабақта оқушылар үйрене бастаған соң белсенді қатысып,жинақтала бастады. Бір бірінің жауаптарын тыңдап сұрақтар қоя бастады. Алдын сабақта көп оқушыны бағалай алмай 4-5 оқушы ғана бағаланатын ал енді балалар өзін өзі бағалауға үйренді.Топтық жұмыстың келкшекте оқушылар үшін пайдасы көп екенін ұғындым.Бұдан әрі қарай да жалғастыра беремін.
Достарыңызбен бөлісу: |