Тәлім алушының қысқа мерзімді жоспары
Сабақтың тақырыбы: Болар бала жасынан.
М. Мәжікеев
Сабақтың мақсаты:
1.Мәтінді түсініп оқу арқылы оның идеясын ашуға жағдай туғызу.
2.Мәтінді ез бетімен, топта қүрастыру арқылы зерттеп, шығармашылық
дағдыларын шыңдау, оқушының белсенділігін арттыру.
3.Білуге, зерттей оқуға мүмкіндік бере отырып, айналасындағылардың
пікірін тыңдап, оған құрметпен қарауға, ұқыптылыққа үйренуге талпындыру
.
Сабақтың көрнекілігі: хрестоматия, бор, тақта, плакат, суреттер, Ә. Қастеевтің «Амангелді сарбаздары» картинасы.
Сабақтың барысы:
I.Қызығушылықты ояту.
Ә. Қастеев шығармасын тақтаға ілу.
Суретке жақсылап қараңдар (1 минут).
Бұл суретте не болып жатыр деп ойлайсыңдар?
Олай деп айтатындай не көріп тұрсыңдар?
Сурет ортасындағы ақбоз атты адам туралы не айтуға болады?
(Сипаттау, оқушыларды сөйлету.)
Бұл адам туралы тағы не айтуға болады?
Оқушылар суреттегі батырдың бейнесін танып, Амангелді Иманов туралы әңгімелейді.
Сурет бойынша қорытынды сөз.
II.Мағынаны тану.
- Балалар, батыр болсын, ақын, ғалым болсын - барлығы да бала болған.
Олар да сендер сияқты ойнаған. Ал сендер бос уақыттарыңда қандай ойын
ойнайсыңдар?
Оқушының еркін эңгімесін тыңдау, қорытындылау.
- ¥лт азаттығы үшін күрескен батыр Амангелді Имановтың балалык шағы туралы білгілерің келсе, «Болар бала басынан» деген мәтінді құрастырып шығарыңдар.
Оқулық жабық түрады. Оқушыларға мэтін бөліктері үшке бөлінген тұрінде таратылады. Ол үшін оқушылар 1, 2, 3-ке дейін санап, біріншілер тобы - 1-топ, екіншілер - 2-топ, үшіншілер - 3-топ болып отырады.
Мәтінді топпен іштей оқып, бас-аяғын тауып, орналастырады. (Мүғалім топ жұмысын бақылап жүреді, орналасуын байқайды.)
1-топ өздері тапқан 1-бөлігін мәнерлеп оқып береді, 2-топ 2-бөлігін оқиды, 3-топ соңғы бөлігін оқиды.
Әр топ мәтін ретінің осылай қойылу себебін түсіндіреді.
- Сонымен, мәтіндегі әңгіме кім туралы екен?
Амангелді Иманов -- ұлт азаттығы үшін күрескен қазақ батыры... Қысқаша дерек беру. Енді әр бөлімге ат қою. Мысалы:
Бала ойыны
Асау құнан
Құнан үйрету.
- Мәтінде Амангелдінің өмірімен байланысты қандай адамдар есімі қалай аталады? (Зерттеп іздену.)
Мәтіннің 1-бөлімімен жұмыс:
5 жастағы Амангелдінің ойынын автор қалай сипаттаған?
Әлжан қарттың эңгімесінде Байсақал байдың ауылы неге аталды?
Таутабай неліктен мырза атанған?
Осы ретпен мәтін мазмұны арқылы идеясын ашуға негіз болатын сұрақтар талданады.
Құнанның мінезі немесе Амангелдінің батылдығы қалай суреттелген?
Амангелді бүл кезде неше жаста болуы мүмкін?..
Баланы неліктен «жетімек» деді? (Әкесі ауру еді...)
- Амангелдіні менсінбеген Таутабай қалай ұялды?..
- Амангелді қандай бала? (Тақтада топтау.)
Хрестоматиядан Амангелді туралы қосымша мэтіндерді оқып, батырдың бейнесін топтау арқылы ары қарай толықтыру.
III. Ойтолғау.
Сыныптас немесе ерекше мінез-қылығы бар достарың жайлы «Болар бала қандай болады?» атты эссе жазу.
Үйге тапсырма.
Достарыңызбен бөлісу: |