Халықаралық сот
— мемлекеттер арасында даулы мәселелрді шешетін, сондай-
ақ, БҰҰ органдарының, оның мамандандырылған мекемелерінің құқық мәселері
бойынша ұсыныстық ұйғарым шығаратын ең басты ұйым саналады. 15 тәуелсіз
соттардан тұрады. Олар басқа жүмыстармен айналысуға құқықтарынан
айрылған және дипломатиялық артықшылықтар мен иммунитеттерге ие. Сотқа
тек мемлекеттер қатыса алады, ал жеке және физикалық түлғалар қатыса
алмайды.
7. 16 арнаулы мекеме:
Дүниежүзілік банк
,
Атомдық энергия бойынша халықаралық
агенттік
,
ЮНЕСКО
,
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы
,
БҰҰ-ның балалар
қоры
,
БҰҰ-ның өнеркәсіпті дамыту жөніндегі мекемесі
,т.б., және арнаулы
комиссиялар:
Халықаралық құқық комиссиясы
,
Халықараралық сауда құқығы
жөніндегі комиссиясы
.
Ресми тілдері: ағылшын, араб, испан, француз, қытай, орыс.
БҰҰ-ның Жарғысы осы ұйымның бас құжаты болып табылады. Онда мүше-
мемлекеттердің барлық міндеттері мен ұйымның қағидалары баяндалған.
Тәуелсіз
Қазақстан
тарихында
1992
жылдың 2 наурызы Қазақстанның Біріккен
Ұлттар Ұйымына мүшелікке қабылдануымен ерекшеленеді. Еліміз БҰҰ Бас
Ассамблеясы ның 46-сессиясында Ұйымның жаңа мүшесі ретінде ғана емес, қазіргі
заманның ең өзекті халықаралық проблемалары бойынша белсенді позиция
ұстанатын мемлекет ретінде мүше болды.
БҰҰ Бас Ассамблеясының 47-сессиясында Мемлекет басшысы
Н.Назарбаев
Қазақстанның халықаралық саясаты туралы айта келіп, екі маңызды ұсынысты алға
тартты. Оның біріншісі – барлық үкіметтердің ізгі ниет білдіру тәртібімен “бір+бір”
Қазақстан және Біріккен Ұлттар Ұйымы
формуласы бойынша БҰҰ-ның бітімгершілік күш-жігерінің қорын құруды бастау. Бұл
формула әрбір мемлекет оған өзінің қорғаныс бюджетінен бір пайыз бөліп, жыл
сайын оны бір пайызға ұлғайтып отыруды көздейді. Осылай еткенде он жылдан соң
бітімгершілік сомасы он есеге өседі. Екінші ұсынысы –
Азиядағы Өзара Ықпалдастық
және Сенім Шаралары жөніндегі Кеңес
(АӨСШК) шақыру. Мемлекет басшысының
бұл бастамасы көпшілік елдер тарапынан, сондай-ақ БҰҰ-дан қолдау тауып,
Қазақстанның сыртқы саясатын айқындауда айтарлықтай рөл атқарды.
1992 жылдан бері Қазақстан тек қана халықаралық қауымдастықтың мүшесі
ретінде қабылданып қоймай, сонымен бірге онда өзінің лайықты орнын таба білді.
Қазақстанның БҰҰ жүйесі жұмысына қатысуы еліміздің көпжақты
дипломатиясының басты бағыттарының бірі, ол елдің егемендігі мен тәуелсіздігін
нығайтуға септігін тигізіп, әлеуметтік-саяси, экономикалық және қоғамның т.б.
салаларында қолайлы халықаралық жағдайларды туғызады. Осы бағыттың негізгі
мақсаты халықаралық сахнада ҚР-ның ғаламдық және аймақтық қауіпсіздік
саласындағы стратегиялық мүдделерін, саясат пен экономикада әділетті әлемдік
тәртіп пен орнықты даму ортасын құруды, әлемдік қауымдастық мүшелері
арасындағы қарым-қатынастарды үйлестіруді көздейді.
Мемлекетіміздің басшылығы халықаралық ынтымақтастықтың маңызды
салаларындағы БҰҰ-ның рөлін күшейтуге бағытталған БҰҰ Бас Хатшысы К.Аннанның
қызметін қолдай отырып, ҚР-ның осы беделді ұйым, оның мамандандырылған
мекемелері, қорлары және бағдарламаларымен ынтымақтастығын кеңейтуге
бағытталған бағдар ұстануда.
Қазақстанның БҰҰ-мен ынтымақтастығы тарихындағы басты шаралардың бірі БҰҰ
Бас Хатшысы К.Аннанның Қазақстанға 2002 жылғы 17-18 қазандағы ресми сапары
болды, ол Қазақстанның БҰҰ-мен онжылдық ынтымақтастығының нәтижелерін
бекітіп, ықпалдастықтың болашағын айқындады.
Мемлекеттікті құру сатысында Қазақстанға сарапшылар, техникалық және қаржы
көмегін тарту ісінде БҰҰ Даму Бағдарламасы, Балалар Қоры, Дүниежүзілік Денсаулық
Сақтау Ұйымы, БҰҰ-ның Қоршаған орта жөніндегі бағдарламасымен
ынтымақтастықтың үлкен әлеуеті бар.
БҰҰ-ның Жарғысын мүлтіксіз орындау негізінде, Қазақстан Ұйымды нығайту мен БҰҰ
басшылығымен әлемдік қауіпсіздік жүйесін құруға күш-жігер жұмсауды толық
жақтайды.
БҰҰ-ның қазіргі таңдағы маңызды мәселелерді шешудегі басым рөлін тани отырып,
Қазақстан осы ұйымда орын алып отырған үрдістерден тыс қала алмайды.
Қазақстан тәуелсіздік алған күннен бері бүкіл әлемдік бейбітшілік пен қауіпсіздікті
сақтау ісіне үлкен үлес қосып келеді. Ядролық қарудан бас тарту, Азияда сенім
шараларын орнату, Еуразия кеңістігінде интеграциялық үрдістерді нығайту,
өркениеттер мен діндер диалогын шақыру – осының бәрі біздің мемлекетіміздің БҰҰ
Жарғысының ұстанымдары мен мақсаттарына сәйкес атқарған істерінің әлі де
толық емес тізімі.
Қазақстан БҰҰ-ның бітімгершілік қызметін және оның бітімгершілік әлеуетін нығайту
жөніндегі күш-жігеріне қолдау көрсете отырып, БҰҰ-ның резервті келісім-шарттар
жүйесі мандатын кеңейту шараларын оң бағалайды. Қазақстанның осы бағытта
белсенді қызмет атқаруының дәлелі Қазақстандық бітімгершілік батальонының
(Қазбат) құрылуы, әрі осы батальон сарбаздарының Иракта тұрақтандыру күштері
қатарында қызмет көрсетуі болып табылады.
Қазақстан 2003 жылы БҰҰ-ның дайындық іс-шаралары жүйесіне үлес қосу жөніндегі
Өзара түсіністік меморандумына қол қойып, қазіргі таңда бітімгершілік операцияларға
Қазбат батальонының адам, бронетехника және көлік ресурстарын бөлуге
дайындығын, әрі БҰҰ-ның бітімгершілік операциялары үшін сатып алулар жүйесінде
неғұрлым белсенді қатысуға ынтасын білдіреді.
Біз БҰҰ мен аймақтық ұйымдар арасындағы ықпалдастықты кеңейтуді, әрі
аймақтық ұйымдардың өздері арасындағы ұйымдасқан қылмыс, есірткі қаупі,
заңсыз миграция, діни экстремизм, жоқшылық пен АҚТҚ/ЖҚТБ таралуымен
күресте серіктестік байланыстарын кеңейтуді қуаттаймыз.
Қазақстан БҰҰ-ның және оның мамандандырылған мекемелерінің мүмкіндіктерін
Арал теңізінің тартылуы, Семей сынақ алаңының радиоактивті ластануы, ауыз-су
көздерінің ластануы секілді техногендік және экологиялық апаттардың
экономикалық және гуманитарлық салдарларын азайтуға мақсатты түрде
пайдалануды көздейді. Осы тұрғыда жеке назарды Мыңжылдық даму мақсаттары
мен орнықты даму ұстанымдарын жүзеге асырудағы Қазақстанның белсенді
қатысуына аудару керек.
1992 жылғы ақпаннан бастап Қазақстанда БҰҰ-ның мамандандырылған
мекемелерінің, қорларының және бағдарламаларының өкілдіктері жұмыс істеуде.
Олардың қызметі техникалық, кеңес және қаржылық көмек көрсетуге бағытталған.
Қазіргі уақытта БҰҰ-ның Қазақстанда келесі 15 ұйымы жұмыс істейді: Біріккен
Ұлттар Ұйымының Даму бағдарламасы (БҰҰДБ), БҰҰ Балалар қоры (ЮНИСЕФ), БҰҰ
Халық қоныстану қоры (ЮНФПА), БҰҰ есірткі және қылмыс мәселері жөніндегі
басқармасы (БҰҰ ЕҚБ), БҰҰ Жоғарғы комиссарының босқындар ісі жөніндегі
басқармасы (БҰҰ ЖКББ), БҰҰ Еріктілері (БҰҰЕ), Әйелдер қоры (ЮНИФЕМ),
Халықаралық еңбек ұйымы (ХЕҰ), БҰҰ білім, ғылым және мәдениет мәселелері
жөніндегі ұйымы (ЮНЕСКО), Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы (ДДСҰ), БҰҰ
өнеркәсіптік даму жөніндегі ұйымы (ЮНИДО), Дүниежізілік Банк (ДБ), Халықаралық
валюта қоры (ХВҚ), АТҚБ/ЖТҚБ жөніндегі БҰҰ бағдарламасы (ЮНЭЙДС) және
Қоғамдық ақпарат жөніндегі департамент (ҚАД).
Достарыңызбен бөлісу: |