Автор: Тукина Сауле Габдешовна
Пән: Қазақ тілі (Т1)
Сынып: 4-сынып
Бөлім: Мамандықтар әлемі
Тақырып: Біріккен сөздер
Сабаққа негізделген оқу мақсаты
4.1.4.1 - тірексөздер мен жоспардыпайдаланаотырып монолог құрау; 4.4.2.1* - күрделі сөздердің түрлерін ажырата алу (біріккен сөз, қос сөз, қысқарған сөз)
Сабақ мақсаттары:
Барлық оқушылар:бөлімде сөз және оның мағыналары, сөз тіркесі, тұрақты сөз тіркестерін дұрыс қолдану практикалық тұрғыда меңгертіледі. Көптеген оқушылар:Оқушылардың сауаттылығын арттыруға, көркем жазу, дұрыс оқу дағдыларын қалыптастыруға және сөйлеу мәдениетін дамытуға мән беріледі. Кейбір оқушылар:топтық,жұптық, жеке жұмыстарды орындайды.
Бағалау критерийлері: (жетістік критерийлері, табыс критерийлері, күтілетін нәтиже)
Мұғалімдер тақырыпқа сәйкес оқушыларға әңгімелер мен өлеңдерді айтып, оларға мұқият тыңдатып, сол әңгімелер мен өлеңдер қалай аяқталатынын болжау үшін мүмкіндіктер беруі тиіс. Бөлімде сөз және оның мағыналары, сөз тіркесі, тұрақты сөз тіркестерін дұрыс қолдану практикалық тұрғыда меңгертіледі. Оқушылардың сауаттылығын арттыруға, көркем жазу, дұрыс оқу дағдыларын қалыптастыруға және сөйлеу мәдениетін дамытуға мән беріледі.
(Ұ) «Сиқырлы қапшық» Қапшыққа салынған саны бірдей қызыл,сары,жасыл шариктер таңдап алуды ұсынамын. Осы түстер бойынша оқушыларды 3 топқа бөлемін: Жұмыс ережесін келісу Алдыңғы білімді еске түсіру (жеке,жұпта,топта, ұжымда) (Ұ) «Допты қағып ал» тәсілі бойынша сыныпқа сұрақтар қоямын. ҚБ: Отшашу арқылы бір-бірін бағалау. Оқу мақсатын таныстыру Күтілетін нәтижені анықтау
Максим Зверевтің «Мен қалай жазушы болдым?» мәтінін түсініп оқы. 1903 жылы мен сегізде едім. Әкем «Баламды көктемгі аңшылыққа апарам» дегенде шешемнің көзі шарасынан шықты. Сонда қос ат жеккең арбаның лайсаң батпаққа күпшегінен кіріп келе жатқанын үмытпаппын. Табиғатпен қоян-қолтық келгенім" - тасыған су жиегіндегі көгалда қарсы алған таңым жадымда өшпестей болып қалыпты. Үйге келген соң, жаңағы сапарымды жазғым келді. Үлкен сызықты дәптерге тұңғыш рет «әңгіме» жазып, әкеме көр-сеттім. Менің емле қателерімді көргенде, әкем жағасын ұстап, қызыл қарындашпен түзете бастады. Арада бірнеше жыл өтті. Жаздыгүні тал түсте иісі аңқыған пішен маясының төбесіне шықтым. Тұс-тұстан құстар сайрайды. Өз көзіммен көргенімді жазсам қайтеді деген құштарлық ерікке қоймады. Бір өшіріп, бір жаздым. Қате қаптап жүр екен. Қателерімді түзеп, жазғанымды әдемілеп көшірдім. Содан кейін барып әкеме көрсеттім. Ол кісі оқып шықты да, көзілдірігінің үстінен маған таңдана қарады. Мен ғалым-зоолог болсам да, жазсам-ау деген құмарлығым бәсеңдеген жоқ. Бүгін, міне, балалар, менің табиғат жайында жазған 120 кітабым бар. Менің кішкентай оқырмандарым, оқудан, үйренуден жалықпаңдар, Аударган Мұзафар Әлімбай • Мәтіндегі негізгі ой мен тақырыптың не туралы екенін анықта. • Мәтіннің соңғы бөлігіне ат қой. • Мәтіннен біріккөн сөзі бар сөйлемді тауып жаз. Дескрипторы: Оқушылардың сауаттылығын арттыруға, көркем жазу, дұрыс оқу дағдыларын қалыптастыруға және сөйлеу мәдениетін дамытуға мән беріледі.топтық,жұптық, жеке жұмыстарды орындайды.
Жаңа білім мен тәжірибені қолдану. Ойтолғаныс кезеңі. Жазушы болу үшін қажетті қадамдарды мәтінге сүйеніп, толықтырьш жаз. 1. Болашақ жазушы көп оқуы және үйрөнуі керек. Рефлексия (жеке,жұпта,топта, ұжымда) «Білім сандығы» кері байланыс.