Бірінші апта №1 дәрістің тақырыбы: Мәліметтер қорының негізі. Мәліметтер моделінің түрлері



Дата08.02.2022
өлшемі13,23 Kb.
#118186
түріКонспект
Байланысты:
1-лекция


Бірінші апта
№1 дәрістің тақырыбы: Мәліметтер қорының негізі. Мәліметтер моделінің түрлері.
Мақсаты:Мәліметтер қорының моделінің түрлерін оқып, түсіну.
Сұрақтар:
1)Мәліметтер қорының негізі.
2)Мәліметтер моделінің түрлері.

Дәрістің топтама-тәсімі ( тірек конспектісі немесе тезистер)


Қазіргі таңдағы ақпараттық жүйе формасы болып мәлімет банкілері болып табылады. Олардың құрамына ЭЕМ базасындағы есептеуіш жүйе, МББЖ, бір немесе бірнеше МБ, қолданбалы бағдарламалар құрамы (қосымшалар).
МБ-сы мәліметтерді сақтауға, мәліметтерге тиімді және тез қолжеткізуді қамтамасыз етеді. Мәліметтер МБ ішінде сақталатын ақпаратты білдіреді.
МББЖ МБ құруға, енгізуге және қолдаудың тілідік және бағдарламалық тәсілдер жиынтығын білдіреді. Қолданыс типі бойынша МББЖ персоналды және көпқолданушылық болады. Персоналды МББЖ бір компонентте жұмыс істейтін локалды МБ-сын құруды қамтамасыз етеді. Персоналды МББЖ‑ге Paradox, dBase, FoxPro және т.б. жатады.
Көпқолданушылық МББЖ «клиент‑сервер» архитектурасында жұмыс істейтін ақпараттық жүйелерді құруды қамтамасыз етеді Көпқолданушы МББЖ-ге Oracle, Informix, SyBase, Interbase және т.б. жатады.
Қазіргі таңдағы МББЖ құрамына мәліметті сипаттау, оны басқару, құрылымдық сұраным тілі жатады (SQL). SQL халықаралық стандартқа ие. Бірақ оның бірнеше диалектілері бар.
Қолданбалы программалар (қосымшалар) мәліметті өңдеуге қызмет етіп, МБ-да сақталады. Қолданушы қосымшаларды қолдана отырып МБ-мен жұмыс істейді. Локалды мәліметтер базасында МБ және қосымша бір компонентте орналасады, ал алыстатылған МБ-да қосымша мен МБ бөлек орналасады.
Мәліметтер базаларын ұйымдастыру модельдері
Delphi жүйесі МББЖ болып табылады; ол басқа МББЖ кестелерін, мысалы, Paradox, Oracle, InterBase кестелерін қолданады. Delphi құралдары локалды және жойылған МБ-н енгізіп, құруды қамтамасыз етеді. Delphi мүмкіндіктері арнайы МББЖ мүмкіншіліктерінен кем емес, ал кейде олардан артық.
МБ-да анықталған қолданбалы ақпараттық жүйесінің мәліметтері сақталады. Мысалы “Сирена” жүйесі – авиабилетті брондау мен сату үшін, “Экспресс” жүйесі – теміржол билеті үшін.
Мәліметтерді ұйымдастыру түріне байланысты МБ-да мәліметтерді көрсету модельдерін анықтайды: иерархиялық, желілік, реляциялық және обьектілік–бағытталған. Иерархиялық модельде мәліметтер ағаш тәрізді (иерархиялық) құрылымда беріледі. Желілікте келтірілген графа түрінде ұйымдастырады. Оның кемшілігі – құрылымның каттылығы және оны ұйымдастыру қиындығы. Желілік пен иерархиялық модельдерде мәліметтер құрлымы жобалау сатысында беріліп, мәліметтерге қол жеткізуді ұйымдастыру кезінде өзгертуге болмайды.
Объектілік–бағытталған ұйымдастыруда бөлек жазбалар объектілер түрінде беріледі. Объектілік–бағытталған модельдер өзіне желілік және реляциялық модель ерекшеліктерін иеленіп, мәліметтерді қиын құрылымды ірі МБ құруға қолданады.
Реляциялық модель өзінің атын ағылшын термині relation сөзінен иеленген. Реляцияық модельде МБ – бұл тікбұрышыты кесте – кортеждердің (жол) бірдей атрибуттармен (бағаны) қатынасы. Реляциялық МБ – бұл тәуелсіз немесе өзара байланысқан кестелер қатныса. Мәліметтердің реляциялық моделінің артықшылығы қарапайымдылық, икемділік, іске асыру тиімділігі балып табылады.
Delphi–дегі мәліметтер базасы – мәліметтер кестесінің колекциясы.




Әдебиет: [5],[6],[8],[9],[13],[14] -151-152 бет, қ3

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет