Бірінші бӛлім Кӛркем мінез туралы



Pdf көрінісі
бет28/82
Дата26.12.2023
өлшемі0,96 Mb.
#199359
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   82
Байланысты:
Көркем Мінез

1.
 
Материалдық жәрдемдесу адамның қадірін арттырады 
Адамның әрдайым жомарттық танытуы және ӛзіне қажет болса да мүмін бауырын 
ӛзінен артық кӛріп, соған беруі қоғамда оның құрметінің артуына себепші болады. Аллаһқа 
жақындаудың бір жолы болып та саналатын осындай әрекет арқылы мүмін ӛзі байқамаса да 
Раббының құзырындағы орнының басымдығын құлдардың арасында сездіргендей болады. 
Міне, соның бір мысалы: 
Хаз.Ӛмердің (радиаллаһу анх) кезеңі болатын, олжалар мемлекеттің қазынасына 
құйылып жатады. Хаз.Ӛмердің Хаз.Әбу Убайда, Хаз.Муаз Ибн Жебел және Хаз.Хузайфа 
сияқты сахабаларға жақындық танытқаны белгілі. Бұл жақындықты түсінбей «Неге Әбу 
Убайдаға Ӛмер «бауырым» дейді. Неге бұл адамдармен кӛп сӛйлеседі? Неге жап−жас жігіт 
Муаз Ибн Жебел әнсарлар мен мұхажырлардың алдыңғы қатарлы тұлғаларының арасынан 
орын алады? Хузайфа неге ерекше?» дегендерге Хаз.Ӛмер (радиаллаһу анх) істің мәнін 
түсіндіретіндей сабақ дайындайды. 
Олардың әрқайсысына ішіне алтын салынған ыдыстармен елшілер жібереді. Келген 
елшілер кетпей тұрып−ақ жіберілген алтындардың сол жерде таратылғанын кӛреді. 
Бір−бірімен келісіп алғандай үшеуі де солай жасап, Хаз.Ӛмердің ӛздеріне деген құрметінің 
қаншалықты орынды екенін кӛрсеткендей болады
82

Алайда, олардың ӛздері кедей ӛмір сүретін деуге боларлықтай еді. Мысалы, 
Хиракликусқа қарсы соғысқан Хаз.Әбу Убайда тек екі күнге жететін мүлікке ие болған.
Шамға дейін келген Хаз.Ӛмер қолбасшыларына «Бауырым Әбу Убайда қайда?» деп 
сұрайды. Олар «Қазір келеді» дейді. Біраздан кейін жіппен байланған түйемен Әбу Убайда 
келеді, сәлем беріп, айналасына қарамай тіке үйіне кетеді. Үстінде тек қылыш, қалқан және 
азығы бар болатын. Оның бұл халін кӛрген Хаз.Ӛмер кӛзіне жас алып, артынан барып, 
«Ӛзіңе кішкене қарасаң қайтеді, мал жинасаң?» дейді. Алған жауабы Хаз.Ӛмерді кӛргенінен 
де қатты таңдандырады: «Ей, мүміндердің әмірі! Жағдай айдан анық. Міне, бұлар бізге 
жетіп артылады»
83

Оның осындай ӛміріне қарап Хаз.Ӛмер мынадай тарихи үкім беріп, адамзат 
тарихының құлағына алтын сырға таққандай болады: «Бәрімізді ӛзгерткен мына дүние сені 
82
Аскалани, Исабе, 1\469 
83
Аскалани, Исабе, 3\589 


43 
еш ӛзгерте алмапты»
84
. Қалай ӛзгертеді, олар бір−біріне ұқсайтын бауырлар, олар үшін алу 
деген ең жаман нәрсе. Міне, осылар Исламның ортаға қоятын теңдігінің жемісі болатын 
және мүмін берудің жолында жанын салса, алудан барынша қашатын. 
Иә, жәрдем беруші мен алушы арасында сүйіспеншілік пен достық туындайды. 
Кӛмек беріліп, қоғамға араласқан адамдар кек, ӛшпенділік, дұшпандық сияқты жаман 
сезімдерден арылады, байлардың мал−мүлкіне кӛз тікпейді. Ӛйткені, олардың кедей ақысын 
ӛтейтінін, діннің бұйрықтарын орындап, кең кӛлемде кӛмек қолдарын айналасындағы 
адамдарға созатынын біледі. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   82




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет